Протокол конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков №4 от 9 февраля 2021 года (03.02.2021 г)

№4 балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың

ХАТТАМАСЫ

Түркістан қаласы, Шымкент-Түркістан тас жолы, жаңа әкімшілік ғимарат, нөмірсіз

 

09 ақпан 2021 жыл

Конкурстың басталу уақыты: 09.02.2021 жылы сағат: 1130

Конкурстың аяқталу уақыты: 09.02.2021 жылы сағат: 1300

  1. Конкурстық комиссия мынадай құрамда:

 Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Абай Сәдірхожа – облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалнуды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және өсімін молайту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

комиссия мүшелерi:

-Қайрат Аменгелдинович Абдуалиев – Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы, комиссия төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

  • Данияр Асқарұлы Сейітов – облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;
  • Саят Жолбарысович Тилеуов - облыс әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің басшысы;
  • Динара Сматуллаевна Сматуллаева – Түркістан облысы әкімі аппартының заң бөлімінің бас маманы;

- Нұржігіт Назарбекулы Мырзахметов – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

  • Айбек Нурахметович Казакбаев – «Балық шаруашылықтардың қауымдастығы - BD» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі;
  • Тынысбек Темірханұлы Барақбаев «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Арал филиалының директоры.

           Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22-желтоқсандағы «Түркістан облысының аумағында орналасқан жергілікті және халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссия құру туралы» №257 қаулысымен құрылған комиссия мүшелерімен, облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiздi.

  1. Конкурсқа конкурстық өтінімнің 4(төрт) пакеті келіп түсті.

№

Конкурсқа қатысушының атауы

Өтінім берген (қызығушылық танытқан) су айдыны атауы

Су айдынының орналасқан жері

1

«First Fish LTD» ЖШС

Безымянное көлі

Шардара ауданы

2

«Арнасай LTD» ЖШС

Безымянное көлі

Шардара ауданы

3

ЖК «Ермек»

Иқансу су қоймасы

Кентау қаласы

4

«Мария» ШҚ

Бес бөліс көлікөлі

Кентау қаласы

 

3.Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдердiң Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарына сәйкестігін қарап, қатысушылардың рейтингтік бағалау көрсеткіштерін бағалай отырып, және пікірлермен алмаса отырып, ШЕШТI:

1) Конкурсқа одан әрі қатысуын кейінге қалдыру (конкурстық өтінімдерді кейінге қалдыру себептерін көрсете отырып, Конкурсқа жіберілмеген қатысушылар тізімі).

 

№

Конкурсқа қатысушының атауы

Өтінім берген (қызығушылық танытқан) су айдыны атауы

Су айдынының орналасқан жері

Конкурсқа жіберілмеу себебі

1

«First Fish LTD» ЖШС

Безымянное көлі

Шардара ауданы

Қағиданың 55-тармағына сәйкес, құжаттар толық ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген.

2

«Арнасай LTD» ЖШС

Безымянное көлі

Шардара ауданы

Қағиданың 55-тармағына сәйкес, құжаттар толық ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген.

3

ЖК «Ермек»

Иқансу су қоймасы

Кентау

қаласы

Қағиданың 55-тармағына сәйкес, құжаттар толық ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген.

4

«Мария» ШҚ

Бес бөліс көлікөлі

Кентау

қаласы

Қағиданың 55-тармағына сәйкес, құжаттар толық ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген.

 

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»                      №18-04/245 бұйрығымен бекітілген қағиданың 55-тармағында, 43, 44, 47, 48 және 49-тармақтарының талаптарына сәйкес құжаттар болмаған не тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурс шарттарына сәйкес келмейді деп танылады.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» №18-04/245 бұйрығының 58-тармағына сәйкес, Кентау қаласында орналасқан Иқансу су қоймасы, Қарашық көлі, Көлқарай көлі, Бес бөліс көлі, Майдантал су қоймасы, Шерт су қоймасы, Ақтөбе су қоймасы, Камышовое көлі және Шардара ауданында орналасқан Безымянное көлі, Қоссейіт көлі (№1 бөлімше), Қызылқұм көлі, және Созақ ауданында орналасқан Бақырлы су қоймасы, Күркүреуік су қоймасы бойынша қайталама конкурс ұйымдастырылсын.

  

Комиссия төрағасы

М.Мырзалиев

 

Комиссия мүшелері:

Қ.Абдуалиев

 

Д.Сейітов

 

С.Тилеуов

 

Д.Сматуллаева

 

Н.Мырзахметов

 

А.Казакбаев

Т.Барақбаев

 

Комиссия хатшысы

 

А.Сәдірхожа

Протокол конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков №4 от 9 февраля 2021 года (03.02.2021 г)
Дата публикации
10 февраля 2021