Түркістан облысында орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су айдындарын бекітіп беру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жығы 19 наурыздағы  №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес конкурс өткізеді.

Конкурс 2021 жылдың 3 ақпан сағат 1130-да, Түркістан қаласы, Шымкент-Түркістан тас жолы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында (ӘІО 3-қабаты) нөмірсіз үй мекен-жайында өтеді.

Конкурсқа Түркістан облысының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар (төмендегі) су айдындары қойылады.

№

Орналасқан жері

Жақын орналасқан елді мекен атауы, ұзақтығы

Су айдындарының атауы

Балық шаруашылығын жүргізу түрі

1

Кентау қаласы

Ақтөбе ауылы, 15 км

***Иқансу су қоймасы

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

2

Қарашық ауылы, 0,5 км

***Қарашық көлі

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

3

Кентау қаласы, 15 км

***Көлқарай көлі

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

4

Ташанақ ауылы, 2 км

***Бес бөліс көлі

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

5

Майдантал ауылы, 2,5 км

***Майдантал су қоймасы

Кәсіпшілік балық аулау

6

Құмайлықас ауылы, 3,5 км

***Шерт су қоймасы

Кәсіпшілік балық аулау

7

Абай ауылы, 2 км

***Ақтөбе су қоймасы

Кәсіпшілік балық аулау

8

Иқан ауылы, 15 км

***Камышовое көлі

Кәсіпшілік балық аулау

9

Шардара ауданы

Шардара қаласы, 12 км

***Қоссейіт №1 көлі (№1 бөлімше)

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

10

Қызылқұм ауылы, 3 км

***Қызылқұм көлі

Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы

11

Шардара қаласы, 36 км

Безымянное көлі

Кәсіпшілік балық аулау

12

Созақ ауданы

Бақырлы ауылы, 2 км

Бақырлы су қоймасы

Кәсіпшілік балық аулау

13

Таукент кенті, 6 км

***Күркіреуік су қоймасы

көлде тауарлы балық аулау

     Ескертпе: ** - конкурсқа қайта қойылған су айдыны.

                        *** - кеуіп кету қаупі бар немесе кеуіп кеткен су айдындары.

            Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдерін тапсыру үшін және конкурстық құжаттамалармен (су айдынының орналасқан жерінің сызба-картасын, көлемін, және т.б. ақпарат) танысу бойынша конкурс хатшысына 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап 2 ақпан аралығында сағат 1900-ге (жұмыс күндері) дейін мына мекен-жай бойынша жүгіне алады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Шымкент-Түркістан тас жолы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында (ӘІО Басқармалар үйі) нөмірсіз үй мекен-жайы. Байланыс телефоны: 8(747) 380-58-94, 8(72533) 59847.

Конкурс по закреплению рыбохозяйственные водоемы и (или) участки для ведения рыбного хозяйства.
Дата публикации
14 января 2021