Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы « »__________
№___ қаулысына -қосымша
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
мемлекеттік тілде: «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Государственное учреждение «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области».
қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасу;
3) объектілер салу жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысының негізінде өз құзыреті шегінде жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) тыйым салу немесе рұқсат беру;
4) жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қоспағанда, өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
5) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссия рұқсаттар беру, оларды қоршаған ортаға эмиссиялар лимиттер белгілеу;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ведомстводан тыс кешенді сараптама органдарына жіберу;
7) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына беру;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тарту;
10) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
11) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
26) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыныс енгізу, оларды іске асыру;
27) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникаларын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындау, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
29) орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервінжасау;
30) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбін өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
31) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастыру;
32) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;
33) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
34) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
35) уәкілетті органға беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар әзірлеу;
36) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аяқталған объектілерді және орман шаруашылығы
іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімдерді қабылдау;
37) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлеу;
38) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізу;
39) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
40) орман пайдаланушыларға орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарауындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс обьектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай обьектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;
41) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
42) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
43) «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
44) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
45) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
46) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;
47) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыру;
48) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
49) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
50) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті және халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
51) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
52) біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олар бұрын бекітіліп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
53) уәкілетті органның ұсынуы бойынша екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашлығы учаскелерін қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
54) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөніндегі, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
55) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру;
56) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;
57) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
58) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабуға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
59) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
60) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және (немесе) қамтамасыз ету;
61) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастыру;
62) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізу;
63) жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;
64) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастыру және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
65) жергілікті маңызы бармемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және
техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
66) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;
67) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
68) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеу және бекіту, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
69) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
70) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысу;
71) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және бекіту, паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеу) беру;
72) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;
73) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздерінің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;
74) қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
75) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
76) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын облыстық өкілді органға бекітуге ұсыну;
77) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде келісу;
78) белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асырады;
79) су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
80) өз құзыреті шегінде бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланылудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеуді қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
81) өз құзыреті шегінде конкурстық негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беруді ұйымдастыру;
82) өз құзыреті шегінде жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсаттар беру;
83) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;
84) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
85) тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;
1) «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу;
3) бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджет қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөнінен ұйымдастырушы және тапсырыс беруші болуға, шарттар жасасуға және олардың орындалуына бақылау жасау;
4) өз өкілеттіктері шегінде қоршаған ортаны, су қорын қорғау, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, ормандар мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша түзілген келісім шарттар аясында атқарылып жатқан барлық жұмыс түрлері мен іс-шараларға тексеру жүргізу;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан басқарма қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратып алу;
6) ведомстволық бағыныстағы мекемелерге ішкі бақылау жасау;
7) жеке және заңды тұлғалардан табиғи ресурстарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, нормалары мен шектеулерін сақтауды өз өкілеттігі шегінде талап ету.
1) басқарманың жұмысын ұйымдастыру, оның және «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің құрамындағы бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметіне басшылық жасау;
2) басқарма қызметкерлерін, «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің директорларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
3) заңнамалармен, оның Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен жүктелген қызметтерді жүзеге асыру.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сандай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мекемесі;
2) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мекемесі;
3) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мекемесі;
4) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мекемесі;
5) «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл желек» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік» табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.