Справка о проделанной работе управлением в 2020 году

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша анықтама.

Түркістан облысының табиғаты әсем, ғажайып орындарға бай екендігі, бәріңізге мәлім.  Осындай ғажап табиғатты қорғау, өсімін молайту, қадағалау шараларын жүргізу облыстың  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген.  

Орман қоры жерлері бойынша

Облысымыз бойынша орман шаруашылығы мекемелеріне 3 млн 131 мың га орман қоры жерлері бекітіліп берілген. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың га.

Ағымдағы жылы орманды молайту шаралары бойынша  1010 гектар жерге мәдени орман екпелерін (оның ішінде сексеуіл-900 га) егу мен 10 500 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, толығымен егілді.

Орман екпелерін күтіп-баптау, толықтыру, орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау, орманды өрттен қорғау және орман тұқымбақтарын дамыту шаралары тұрақты атқарылды.

Сұғанақтық (браконьерство) бойынша

Адам мен табиғат егіз.  Басты байлығымыз саналатын орман-тоғай мен осы табиғаттың көркі болып табылатын аң-құстарды көздің қарашығындай қорғауды әсте ұмытпағанымыз абзал.

Табиғат аясында браконьерлермен рұқсатсыз ағаш кесіп, аң аулау, т.б заңсыздықтарға бару оқиғалары кесдесесіп жатады.

Осындай сұғанақтықтың (браконьерство) алдын алу мақсатында жалпы орман күзеті қызметкерлерімен 2457 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 454 заң бұзушылық фактілері анықталды.

Заң бұзушыларға 8 млн 161 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 5 млн 868 мың теңгесі өндірілді.

Жануарлар дүниесі саласы.

Балық шаруашылығы мен аңшылық туризімін дамыту басты мақсаттардың бірі.

Облыс аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының саны 2019 жылы 76 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 134-ке жетті. Ал, аңшылық алқаптардың саны 2019 жылы 25 болса, 2020 жылы 33-ге жетті.  

Бүгінгі күні, табиғат пайдаланушыларға 51 су айдыны мен 25 аңшылық алқап бекітіліп берілді. Резервтегі су айдыны мен аңшылық алқаптарды табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бұрынғы тарихи мекені саналатын басқармаға қарасты Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында орналасқан Сырдария өзенінің бойында Бұхар бұғыларын көбейтіп, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында Елбасы 2000 жылы 8 бас Бұхар бұғысын сыйға тартқан болатын. Бұхар бұғылары  өзеннің бойында құрылған арнайы тұқымбаққа жіберіліп, өңірлік табиғи паркінің мамандарымен күзетіліп келеді.

Ағымдағы жылы бұхар бұғыларының саны 176 басқа жетті.

Жасыл белдеу құру бойынша

Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселесі. Түркістан қаласының жазы ыстық, табиғаты құрғақ келеді. Сондықтан экологиялық ахуалы да көңіл көншітпейді. Ал қаланы айналдыра қоршай отырып, жасыл желекпен көмкеру – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді жолы.

Облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласы Бас жоспарының жобасына сәйкес, қала айналасынан 7 700 гектар аумаққа Жасыл белдеу құру жоспарланған.

        2019 жылы 2300 гектар жер игеріліп, 1 млн.нан астам көшет егілді.

        Ағымдағы жылы 2400 га жерді игеру жоспарланып,     2020 жылы көктемде қала айналасына 1234 гектар жерге 769 мың түп және жасыл белдеуді қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында құрылған 300 гектар орман тұқымбағына 1 млн.-нан аса әр түрлі көшеттер егілді.

        Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы 2400 гектарға 1,9 млн астам әртүрлі көшеттер егу жұмыстары жүргізілді .

        Сонымен қатар КазАтомпром АК-мен 3664 гектар аумаққа жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы егілуде. 

        2021 жылы көктемде егілген көшеттерді күтіп-баптау, қорғау және өсімін молайту жұмыстары тұрақты атқарылады.

Тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша

        Бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі ол тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу.

  Облыс аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген.

        Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі де артып келеді. 2020 жыл қорытындысымен жалпы 122 771 тонна қалдық жинақталып, оның 15 962 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған.

        Облыстың даму бағдарламасында жылдық жоспар 13 пайызға белгіленіп, меже толықтай 13 пайызға орындалды.

Экологияны жақсарту бойынша

Басқарма II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырып жүргiзедi және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беріп, қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың лимиттерін белгілейді.

Басқарма және облыстық экология департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылып, облыстың аудан, қалаларында табиғат пайдаланушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіпкерлерге заңнамаға сәйкес, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        2019 жылы басқармамен қоршаған ортаға эмиссияларға 2287 рұқсаттар берілген болса, 2020 жылы 1982 рұқсаттар берілді.

Жалпы Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында орман қоры жерлері мен елді мекендерде және Түркістан қаласының айналасында көшет егу, көгалдандыру жұмыстары мен оларды күтіп баптау және браконьерлікпен күресу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, жалғаса бермек.

       

 

Басқармамен 2020 фСправка о проделанной работе управлением в 2020 годужылы атқарылған жұмыстар бойынша анықтама
Дата публикации
15 января 2021