По охране животного мира

Жануарлар дүниесін қорғау бойынша

2020 жылы басқармаға қарасты орман күзеті қызметкерлерімен 263 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 71 заң бұзушылық фактілері, оның ішінде 12 – аң аулау ережесін бұзу оқиғасы, 15 – заңсыз ағаш кесу және 44 – басқа да заң бұзушылықтар анықталды.

Заң бұзушылықтарға 616,40 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 412,20 мың теңгесі өндірілді. Келтірілген 1297,70 мың теңге залалдың, 273,00 теңгесі өндірілді.

Облыс әкімдігімен 2019-2020 жылдарға арналған сұғанақтықпен күресу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспары (орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық полиция департаменті)  бекітілген және бұл бағытта сұғанақтыққа қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Басқармамен облыс аумағында орналасқан аңшылық алқаптар мен жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына түгендеу жүргізіліп, Заң талаптарына сәйкес, табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Облыс аумағында 28 аңшылық алқап орналасқан. Оның ішінде   24-і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 4 аңшылық алқап резервте.

Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының саны – 126 құрайды. Оның ішінде 68 су айдыны облыс әкімдігінің балық шаруашылығын жүргізуге жарамды су айдындарының тізбесіне енгізілген.

Жергілікті маңызы бар 20 су айдыны 17 табиғат пайдаланушыға және халықаралық маңызы бар Шардара су қоймасы мен Сырдария өзені 8 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген.

Бүгінде, 58 су айдынын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізу және резервтегі 48 су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекіту бағытында конкурс ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария өзенінің бойында арнайы құрылған тұқымбақтағы Бұхар бұғыларының саны 8 басқа артып, 158 басқа жетті (83 басы ішкі қоршауда, 75 басы еркіндікте).

2019 жылы жануарлар дүниесін пайдаланудан бюджетке жалпы 51 786,0 мың теңге қаржы түсірілді.

Оның ішінде балық шаруашылығы бойынша 48 325,3 мың теңге және аңшылық алқаптар бойынша 3 460,7 мың теңге қаржы түсірілді.

2020 жылы жануарлар дүниесін пайдаланудан бюджетке жалпы 20 888,0 мың теңге қаржы түсірілді.

По охране животного мира
Дата публикации
08 января 2021