ХАБАРЛАНДЫРУ
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су айдындарын бекітіп беру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жығы 19 наурыздағы №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес конкурс өткізеді.
Конкурс 2021 жылдың 27 қаңтар сағат 1130-да, Түркістан қаласы, Шымкент-Түркістан тас жолы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында (ӘІО 3-қабаты) нөмірсіз үй мекен-жайында өтеді.
Конкурсқа Түркістан облысының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар (төмендегі) су айдындары қойылады.
|
№ |
Орналасқан жері |
Жақын орналасқан елді мекен атауы, ұзақтығы |
Су айдындарының атауы |
Балық шаруашылығын жүргізу түрі |
|
1 |
Шардара ауданы |
Достық ауылы, 6 км |
*** Достық көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
2 |
Достық ауылы, 30 км |
*** Алатау батыр №4 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
3 |
Достық ауылы, 30 км |
*** **Алатау батыр №6 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
4 |
Достық ауылы, 12 км |
*** Алатау батыр көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
5 |
Шардара қаласы, 15 км |
*** Қоссейіт көлі (№1 бөлімше) |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
6 |
Ұзыната ауылы, 5 км |
*** Жайсан көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
7 |
Қоссейіт ауылы, 2 км |
*** Қоссейіт көлі (№3 бөлімше) |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
8 |
Ұзыната ауылы, 8 км |
*** Ұзыната көлі (№5 бөлімше) |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
9 |
Қазақстан ауылы, 9 км |
*** Қазақстан көлі (№5 бөлімше) |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
10 |
Қазақстан ауылы, 7 км |
*** Қазақстан №2 көлі (№7 бөлімше) |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
11 |
Көксу ауылы, 17 км |
** Қызылту көлі |
кәсіпшілік |
|
|
12 |
Достық ауылы, 15 км |
** Алатау батыр №2 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
13 |
Көксу ауылы, 7 км |
** Көксу №1 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
14 |
Комсомол ауылы, 7 км |
** Кызылқұм №2 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
15 |
Комсомол ауылы, 6 км |
** Кызылқұм №3 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
16 |
Арыс қаласы |
Арыс қаласы, 17 км |
Көксарай № 1 учаскесі |
кәсіпшілік |
|
17 |
Арыс қаласы, 17 км |
Көксарай № 2 учаскесі |
кәсіпшілік |
|
|
18 |
Сарыағаш ауданы |
Қызыләскер ауылы, 10 км |
** Қызыләскер көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
19 |
Келес ауданы |
Карла Маркс ауылы, 8 км |
Карл Маркс көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
20 |
Созақ ауданы |
Қызылбайрақ ауылы, 9 км |
*** Күмісті-1 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
21 |
Сарыжаз ауылы, 7 км |
*** Күмісті-2 көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
22 |
Түлкібас ауданы |
Шақбақ баба ауылы, 9 км |
Сарыбұлақ су қоймасы |
көлде тауарлы балық аулау |
|
23 |
Жаскешу ауылы, 8 км |
Қарақшы көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
|
|
24 |
Кентау қаласы |
Кайнарбұлақ ауылы, 18 км |
*** ** Шоқтас су қоймасы |
көлде тауарлы балық аулау |
|
25 |
Сайрам ауданы |
Шымкент қаласы, 29 км |
Көлкент көлі |
көлде тауарлы балық аулау |
Ескертпе: ** - конкурсқа қайта қойылған су айдыны.
*** - кеуіп кету қаупі бар немесе кеуіп кеткен су айдындары.
Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдерін тапсыру үшін және конкурстық құжаттамалармен (су айдынының орналасқан жерінің сызба-картасын, көлемін, және т.б. ақпарат) танысу бойынша конкурс хатшысына 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап 26 қаңтар аралығында сағат 1900-ге (жұмыс күндері) дейін мына мекен-жай бойынша жүгіне алады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Шымкент-Түркістан тас жолы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында (ӘІО Басқармалар үйі) нөмірсіз үй мекен-жайы. Байланыс телефоны: 8(747) 380-58-94, 8(72533) 59847.