МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың  2020 жылғы                                                        1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде 2021-2025 жылдары еліміздің мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 млрд.-тан астам ағаш отырғызу бойынша тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттыру бойынша Кешенді жоспары» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен бекітілген.

Кешенді жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде Түркістан облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110 210 га алқапқа   170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мемлекеттік орман қоры жерінде 2 млрд.-тан астам ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы негізінде, Облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын белгіленген көлемдерден төмен емес денгейде 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынымы назарға алынып, 2021-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен қайта бекітілді.

Кешенді жоспарға сәйкес:

2021 жылы – 15 120 га, 22 150 мың дана көшет;

2022 жылы – 16 200 га, 23 817,8 мың дана көшет;

2023 жылы – 20 300 га, 32 216,6 мың дана көшет;    

2024 жылы – 27 866,5 га, 39 757,7 мың дана көшет;

2025 жылы – 16 883 га, 28 767,2 мың дана көшет;

Жалпы барлығы 2021-2025 жылдары 96 мың га аумаққа    146 млн көшет егілді.

2026 жылы орман қоры жерлеріне 13 600 га жерге 21 857,7 мың дана сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда 13 600 га жерде жер дайындау жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалады.

Орман шаруашылығы мекемелеріндегі орманды өрттен қорғау шаралары

2026 жылдың 26 наурызынан бастап орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусым болып белгіленген. Осы уақыт аралығында:

- 10 097,0 км – орманды өрттен қорғау шаралары минералды жолақтарды күтіп-баптаудың І-кезеңінде 5 048,5 км орындалды (2-кезеңі шілде-тамыз айларында орындалады);

 90 км – минералды жолақтарды құрудың 90 км орындалды;

- 140 км – өртке қарсы жолдарды жөндеудің І-кезеңінде 140 км орындалды;

- 95 км – орман өрттерінің алдын алу мақсатында жол бойлары мен өзен, арық жағалауларындағы қураған қамыстар мен шөптесін өсімдіктерге бақылаулы өртеу шараларының І-кезеңінде 50 км орындалды (2-кезеңі күз айларында орындалады);

- 68 % - орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен, құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі (аталған көрсеткіш тозығы жеткен, жарамсыз, теңгерімнен шығарылатын техникалар мен құрал-жабдықтар есебі негізінде алынды);

- 619 дана – техника мен құрал-жабдықтар өртке қарсы дайындықтан өткізілді;

- 73 дана – өртке қарсы мақсаттағы объектілер мен бақылау-күзет іс-шаралары толық жарақтандырылған, оның ішінде:

- 7 дана – орман өрттерін сөндіру станциялары (2-ші типті ОӨСС),

- 39 дана – өрт бақылау мұнаралары;

- 27 дана – өрт қарауылдау посттары;

- 327 дана – байланыс құралдары.

- 180 – өрт сөндіруге арналған арнайы техникаларының су алу орындары дайындыққа келтірілген, оның ішінде:

- 58 – арнайы пирстер;

- 17 – артизан;

- 10 – құдық;

- 10 – ұңғыма;

- 84 – табиғи су айдындары.

Орман алқаптарына жақын орналасқан авиациялық техникалардың су алуға арналған:

- 17 – су қоймасы (Шардара, Көксарай, Михайловский, Қапшағай, Тоғыс және т.б.),  17 – көл (Жетікөл, Ешкілікөл, Ащыкөл, Байырқұм көлі, Шірік көл, Сары көл, Айдаркөл және т.б.);

-  6 – өзен (Сырдария, Шу, Арыс, Боралдай, Машат, Келес) және 1 Қызылқұм каналы бар.

Жылдың 6 айында орындалған жағдай бойынша орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 12 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Атап айтқанда:

- Бадам КММ – 4 азаматқа 86,5 мың теңге;

- Созақ КММ – 5 азаматқа 408,1 мың теңге;

- Шардара КММ – 3 азаматқа 58,9 мың теңге;

2026 жылдың басынан бері 92 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, 4 020,7 мың теңге (оның ішінде: Бадам КММ 15 азаматқа 324,4 мың теңге, Отырар КММ 34 азаматқа 735,2 мың теңге, Созақ КММ
20 азаматқа 432,5 мың теңге, Шардара КММ 17 азаматқа 367,6 мың теңге, Сырдария-Түркістан МӨТП КММ 6 азаматқа 2 161,0 мың теңге (оның 865,0 мың теңгесі төленген) айыппұл салынды) айыппұл салынып өтелді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Облыс әкімінің орынбасары З.Жолдасовпен бекітілген 2026 жылғы орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі аумағында                          «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Оқу-жаттығуға орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінен өрт сөндіру және патрульдік автокөліктер, соқалы тракторлар, тіркемелі су тасығыш техникалар, сондай-ақ өрт сөндіру жасақшылары толық көлемде жұмылдырылды.

Іс-шараға:

- 2 дана – МТЗ соқалы трактор;

- 2 дана – патрульдік автомашиналар;

- 1 дана – МТЗ 80 трактор;

- 1 дана – УПП-3 тіркемелі су тасығыш;

- 25 адам – жасақшылар тобы жұмылдырылды.

 

Өрт болдырмау үшін шектеу

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 17 қыркүйектегі «Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы» №190 қаулысының негізінде, Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің (Бадам, Отырар, Созақ, Шардара, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі», «Жасыл аймақ», «Жасыл желек») мемлекеттік орман қоры жерлері мен оған шекаралас аймақтарға шлагбаумдар орнатылып, шектеулер қойылды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі    №208 қаулысына сәйкес Түркістан облысында 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға, оның ішінде 2026 жылы 9 123 тоннаға жеткізу көзделген.

Қазіргі уақытта облыста балық өсірумен 184 шаруашылық айналысады.

Облыс аумағында барлығы 104 су айдыны тіркелген, оның     72-і конкурстық негізде пайдаланушыларға бекітіліп берілген, 32 су айдыны резервте тұр.

Түркістан облысы жасанды жолмен балық өсіру бойынша республика көлемінде жетекші өңірлердің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, 2023 жылы 6 847 тонна, 2024 жылы 7 081,2 тонна тауарлы балық өндірілді.

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасындағы балық аулау және акваөсіруді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер ресми интернет-ресурста жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы Түркістан облысында 6 851,5 тонна тауарлы балық өндірілді.

Түркістан облысы әкімдігінің жылдық индикаторлық көрсеткіштеріне сәйкес, «Тауарлы балық өсіру жоспарының орындалуы» көрсеткіші бойынша 2026 жылдың қорытындысына 9 123 тонна тауарлы балық өсіру межесі белгіленіп, оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық жоспардың 25 пайызын орындау көзделген.

Осыған байланысты, аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес 2026 жылдың 9 айлық қорытындысымен 3106 тонна  балық өндірілді.

     Жануарлар дүниесін пайдалануға 2026 жылдың 9 айында 83 рұқсат берілді (мемлекеттік бюджетке 40,4  млн. теңге түсім түсті).

Балық шаруашылығын дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда.

Атап айтқанда, облыстық бюджеттен 2026 жылға акваөсіру саласын субсидиялауға 500,0 млн. теңге бөлініп, 5 өтінім мақұлданды. (2025 жылы балық өсіруді дамытуды субсидиялауға – 42 өтінім мақұлданды. (500,0 млн.тг. игерілді)), республикалық бюджет есебінен аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге 144,0 млн. теңге  (2025 жылы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуді субсидиялауға – 1 өтінім мақұлданды. (3,2 млн.тг. игерілді)) қарастырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдері агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (АӨК СМАЖ) арқылы толықтай электрондық форматта автоматтандырылған.

Қазіргі уақытта субсидия алуға өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.

Жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан

- 2022 жылы 251 685 дана,

- 2023 жылы 1 088 644 дана,

- 2024 жылы  997 329 дана әртүрлі көшеттер босатылды.

- 2025 жылы – 1 060 589 дана жалпы аудан, қалаға егілген көшет босатылды.

Жалпы 2021-2025 жылдары облыс көлемінде 3 398 247  мың дана көшет отырғызылды.

2026 жылға көктем және күз айларына басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінен 1 млн дана көшет босату жоспарлануда. Көктем айларында 332500 дана әртүрлі көшет босатылып, егілді.

 

Қазіргі таңда жалпы қатты тұрмыстық қалдықтар саласы өзекті мәселелердің бірі екені анық.

Атап айтқанда, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағыты қатаң бақылауға алынған.

Осы бағытта, Мемлекет басшысының инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда ТҚҚ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру тапсырмасына сәйкес, «Жасыл даму» АҚ механизмі арқылы  кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен қалдықтарды бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3%-бен 15 жылға дейін жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда.

Облыста қалдықтарды сұрыптау қызметімен 15 (қолмен сұрыптау), қайта өңдеумен 5 кәсіпкер айналысады.

 «Түркістан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға жоспарында»  қалдықтардың қайта өңдеу үлесін арттыру көрсеткіші бекітілген. 2025 жылы облыс бойынша 87 552 тонна қоқыс жинақталып, оның 27 140 тоннасы қайта өңдеуге бағытталды. Көрсеткіш                     2025 жылы 31 пайызға жоспарланып, толық орындалды, ағымдағы жылы 33%- ға жеткізу межеленіп отыр.

Жоғарыда айтылғандай «Жасыл даму» механизмі арқылы Сарыағаш ауданындағы «Sadyk bereke»  ЖШС-і 68 млн.теңге төмендетілген несие алып, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жұмыртқа лотогын дайындайтын цехын кеңейту жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, «REDSEVEN» ЖШС-і өзінің TAZATECH жобасын ұсынуда. Яғни тамақ қалдықтарын ұсақтайтын құрылғы шағыратын цех ашуды жоспарлап отыр, бұл жоба тамақ қалдықтарының көлемін азайтуға өз үлесін қосатын болады.

Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондарға келсек, облыс көлемінде 151 полигон орны белгіленген.

Полигондарды оңтайландыру және талапқа сәйкестендіру үшін арнайы 2024-2026  жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген.

Жоспар бойынша 2024 -2025 жылдары 46 полигон (Отырар 16, Түлкібас 11, Қазығұрт 8, Келес 8, Мақтаарал 1, Арыс 2) оңтайландырылды, яғни жақын орналасқан полигон орындарын біріктіре отырып, жабылып, жерлері арнайы жер қорына өткізілді.

2026 жылдың 1 тоқсанның қорытындысымен 105 полигон орны қалды.

2024 - 2025 жылдары қолданыстағы полигондарды санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру үшін  15 полигонда (Арыс 3, Шарадара 3, Келес 3, Бәйдібек 6) ағымдағы жөндеу, 7 полигонда (Созақ ауданы Тасты, Шу, Шолаққорған, Сызған а/о)

құрылыс жұмыстары жүргізілді.

 

Экология Кодексіне сәйкес, басқарма II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар және III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын береді.

Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, «е-license» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Экология Кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасында /ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 ж. №286 бұйрығы/ айқындалған.

Басқарманың экологиялық реттеу бөлімі, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша өтінімдерді қарап, қоғамдық тыңдауларды өткізу күніне және орнына келісім береді. Сонымен қатар өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын порталға орналастырады.

 

Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

Түскен өтінім

Рұқсат беріл

ген

Дәлелді

бас тарту

Өтінімді

кері қайтарып алған

 

II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар

 

121

 

78

 

32

 

 

20

 

 

III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне

 

816

 

443

 

268

 

152

 

  

Басқарма тарапынан ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаулар:

Қоғамдық тыңдаулар:

2026  жыл

Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар

(І және ІІ санаттағы объектілерге рұқсат алу процесінде өткізіледі)

 

159

Жария талқылаулар арқылы өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

(III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама алу процесінде өткізіледі)

380

 

Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен бейнежазбалары «https://ndbecology.gov.kz/» ақпараттық жүйеде және басқарманың ресми интернет ресурсында орнатылған.

Дата публикации
01 октября 2026