«Казатомпром-SaUran» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Орналасқан күні Хабарландыру
01.10.2026 ж.
  1. «Казатомпром-SaUran» ЖШС оңайлатылған тәртіппен әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды: «Инкай» кен орнының № 3 учаскесіндегі көлемі 200 м³ сұйық реагенттер қоймасы» жұмыс жобасы, оның ішінде:
  • «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі (ҚОҚ);
  • мүмкін шығарындылар нормативтерінің жобасы (МШНЖ);
  • өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ);
  • қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ);
  • табиғат қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚІШЖ).

2. Жоспарланып отырған қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, «Инкай» кен орнының № 3 учаскесі.

3. Әсер ету аумағының және объект орналасқан учаскенің географиялық координаттары: 45°17′09″ с. е., 67°31′31″ ш. б.

4. Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 03 қарашада сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенттік әкімшілігі, Тайқоңыр ауылы, «Демур» мәдениет үйінің ғимараты.

5. Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс және бейнеконференцбайланыс нысанындағы аралас форматта өткізіледі. Ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың өткізілу мерзімі хабарландыруда көрсетілген күннен бастап қатарынан бес жұмыс күнінен аспайды.

6. Онлайн қосылу сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09

Конференция идентификаторы: 616 540 8596.

Кіру коды: 123456.

7. Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы – «Казатомпром-SaUran» ЖШС, БСН 150540001510. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 161003, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент ауылдық округі, Таукент ауылы, «1 Ықшамаудын» шағынауданы, 133-үй, 108-пәтер. Нақты мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, «Қайнар» бизнес орталығы, 4-қабат. Тел.: +7 (778) 096-00-00, ішкі нөмірі 46000; электрондық пошта: sauran@sauran.kazatomprom.kz.

8. Жобалық құжаттаманы әзірлеуші – «SAAF Group» ЖШС, БСН 051240000642. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050061, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 116-үй, 14-пәтер. Тел.: +7 702 092 70 88; электрондық пошта: saaf.group@list.ru.

9. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, ал тыңдаулар өткізілгеннен кейін жарияланған хаттамамен Бірыңғай экологиялық порталдың Ақпараттық жүйесінде https://hearings.ndbecology.gov.kz/ және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=kk танысуға болады.

10. Жоспарланып отырған қызмет және қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланып отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін мына байланыстар арқылы алуға болады: тел.: +7 702 092 70 88; электрондық пошта: saaf.group@list.ru.

11. Мүдделі жұртшылықтың жоба материалдары бойынша ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Ақпараттық жүйеде https://hearings.ndbecology.gov.kz/ және «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де мына мекенжай бойынша қабылданады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағынауданы, 32-көше, 20-ғимарат; электрондық пошта: a.erkebai@ontustik.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қоғамдық тыңдаулар барысында ауызша да білдіруге болады.

   
   
   
   

 

Материалы
Дата публикации
01 октября 2026