«ОТХК» БК» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Орналасқан күні Хабарландыру
19.08.2026 ж.
  1. «ОТХК» БК» ЖШС «Қазақстан Республикасының Түркістан облысының Созақ ауданында және Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан 2026 және 2027 жылдарға арналған технологиялық құбырлар мен қышқыл құбырларын салу (құрылыс салу)» жұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы бойынша (Түркістан облысының шегінде) қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
  2. Әсер ету аумағының және учаскенің географиялық координаттары:
    • 45°11′45″ с. е., 67°30′32″ ш. б.;
    • 45°11′02″ с. е., 67°32′12″ ш. б.;
    • 45°11′42″ с. е., 67°33′18″ ш. б.;
    • 45°12′18″ с. е., 67°33′20″ ш. б.
  3. Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 12:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенттік әкімшілігі, Тайқоңыр ауылы, «Демур» мәдениет үйі.
  4. Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс және бейнеконференцбайланыс нысанындағы аралас форматта өткізіледі. Ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың өткізілу мерзімі хабарландыруда көрсетілген күннен бастап қатарынан бес жұмыс күнінен аспайды.
  5. Онлайн қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09

Конференция идентификаторы: 616 540 8596. Кіру коды: 123456.

  1. Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы – «ОТХК» БК» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Д. Қонаев даңғылы, 23А; БСН 140840001183; тел.: +7 (7252) 99-73-93, +7 (7252) 99-73-90; электрондық пошта: info@ughk.kazatomprom.kz.
  2. Жобаны әзірлеуші – «LLP ROYAL» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тассай, 460-учаске; БСН 131040002788; тел.: +7 778 777 23 55; электрондық пошта: too_royal@inbox.ru.
  3. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен және тыңдаулар өткізілгеннен кейін жарияланған хаттамамен Ақпараттық жүйеде https://hearings.ndbecology.gov.kz/ және https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=kk танысуға болады.
  4. Жоспарланып отырған қызмет және қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланып отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін мына байланыстар арқылы алуға болады: тел.: +7 778 777 23 55; электрондық пошта: too_royal@inbox.ru.
  5. Мүдделі жұртшылықтың жоба құжаттамасына қатысты ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Ақпараттық жүйеде https://hearings.ndbecology.gov.kz/ және «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де мына мекенжай бойынша қабылданады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32-көше, 20-ғимарат; электрондық пошта: a.erkebai@ontustik.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қоғамдық тыңдаулар барысында ауызша да білдіруге болады.
   
   
   
   
Материалы
Дата публикации
19 августа 2026