Орман шаруашылығы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде 2021-2025 жылдары еліміздің мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 млрд.-тан астам ағаш отырғызу бойынша тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттыру бойынша Кешенді жоспары» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен бекітілген.
Кешенді жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде Түркістан облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110 210 га алқапқа 170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мемлекеттік орман қоры жерінде 2 млрд.-тан астам ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы негізінде, Облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын белгіленген көлемдерден төмен емес денгейде 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынымы назарға алынып, 2021-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен қайта бекітілді.
Кешенді жоспарға сәйкес:
2021 жылы – 15 120 га, 22 150 мың дана көшет;
2022 жылы – 16 200 га, 23 817,8 мың дана көшет;
2023 жылы – 20 300 га, 32 216,6 мың дана көшет;
2024 жылы – 27 866,5 га, 39 757,7 мың дана көшет;
2025 жылы – 16 883 га, 28 767,2 мың дана көшет;
Жалпы барлығы 2021-2025 жылдары 96 мың га аумаққа 146 млн көшет егілді.
Орман шаруашылығы мекемелеріндегі орманды өрттен қорғау шаралары
2026 жылдың 26 наурызынан бастап орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусым болып белгіленген. Осы уақыт аралығында:
- 10 097,0 км – орманды өрттен қорғау шаралары минералды жолақтарды күтіп-баптаудың І-кезеңінде 5 048,5 км орындалды (2-кезеңі шілде-тамыз айларында орындалады);
- 90 км – минералды жолақтарды құрудың І-кезеңінде 65 км орындалды (2-кезеңі 25 км күз айларында орындалады);
- 140 км – өртке қарсы жолдарды жөндеудің І-кезеңінде 70 км орындалды (2-кезеңі 70 км күз айларында орындалады);
- 95 км – орман өрттерінің алдын алу мақсатында жол бойлары мен өзен, арық жағалауларындағы қураған қамыстар мен шөптесін өсімдіктерге бақылаулы өртеу шараларының І-кезеңінде 50 км орындалды (2-кезеңі күз айларында орындалады);
- 68 % - орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен, құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі (аталған көрсеткіш тозығы жеткен, жарамсыз, теңгерімнен шығарылатын техникалар мен құрал-жабдықтар есебі негізінде алынды);
- 619 дана – техника мен құрал-жабдықтар өртке қарсы дайындықтан өткізілді;
- 73 дана – өртке қарсы мақсаттағы объектілер мен бақылау-күзет іс-шаралары толық жарақтандырылған, оның ішінде:
- 7 дана – орман өрттерін сөндіру станциялары (2-ші типті ОӨСС),
- 39 дана – өрт бақылау мұнаралары;
- 27 дана – өрт қарауылдау посттары;
- 327 дана – байланыс құралдары.
- 180 – өрт сөндіруге арналған арнайы техникаларының су алу орындары дайындыққа келтірілген, оның ішінде:
- 58 – арнайы пирстер;
- 17 – артизан;
- 10 – құдық;
- 10 – ұңғыма;
- 84 – табиғи су айдындары.
Орман алқаптарына жақын орналасқан авиациялық техникалардың су алуға арналған:
- 17 – су қоймасы (Шардара, Көксарай, Михайловский, Қапшағай, Тоғыс және т.б.), 17 – көл (Жетікөл, Ешкілікөл, Ащыкөл, Байырқұм көлі, Шірік көл, Сары көл, Айдаркөл және т.б.);
- 6 – өзен (Сырдария, Шу, Арыс, Боралдай, Машат, Келес) және 1 Қызылқұм каналы бар.
2026 жылдың 6 айында орындалған жағдай бойынша орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 12 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Атап айтқанда:
- Бадам КММ – 4 азаматқа 86,5 мың теңге;
- Созақ КММ – 5 азаматқа 408,1 мың теңге;
- Шардара КММ – 3 азаматқа 58,9 мың теңге;
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу
Облыс әкімінің орынбасары З.Жолдасовпен бекітілген 2026 жылғы орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі аумағында «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Оқу-жаттығуға орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінен өрт сөндіру және патрульдік автокөліктер, соқалы тракторлар, тіркемелі су тасығыш техникалар, сондай-ақ өрт сөндіру жасақшылары толық көлемде жұмылдырылды.
Іс-шараға:
- 2 дана – МТЗ соқалы трактор;
- 2 дана – патрульдік автомашиналар;
- 1 дана – МТЗ 80 трактор;
- 1 дана – УПП-3 тіркемелі су тасығыш;
- 25 адам – жасақшылар тобы жұмылдырылды.
Өрт болдырмау үшін шектеу
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 17 қыркүйектегі «Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы» №190 қаулысының негізінде, Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің (Бадам, Отырар, Созақ, Шардара, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі», «Жасыл аймақ», «Жасыл желек») мемлекеттік орман қоры жерлері мен оған шекаралас аймақтарға шлагбаумдар орнатылып, шектеулер қойылды.
Балық шаруашылығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №208 қаулысымен, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға, 2026 жылға жоспар – 9 123 тоннаға жеткізу жоспарланған:
Бүгінде облыста балық өсірумен айналысатын 184 шаруашылық тіркелген. Жергілікті маңызы бар 104 су айдынының 73-і балық шаруашылығына пайдаланылуда, 31 су айдыны резервте тұр.
Кәсіпшілік балық аулауға 6 айдың қорытындысымен 1 809 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, мемлекеттік бюджетке 22,3 млн. теңге түсім түсті. (2025 жылы 2 781 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, мемлекеттік бюджетке 63,7 млн. теңге түсім түсті).
2025 жылдың қорытындысымен аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес 8123,5 тонна балық өсірілді (статистика департаментінің мәліметі негізінде 6 851,5 тонна тауарлы балық өсірілді);
2025 жылы 16 балық өсіру шаруашылықтары ашылды;
(Сауран ауданынан «Алдияр» ШҚ, Сайрам аудынан ЖК «Ақсу FISH», ЖК «Атасай», Ордабасы ауданынан «Төрткул балық» АӨК, «Экофуд» ЖШС, ЖК «Жумадилова Э», ЖК «Усманова», Келес ауданынан ЖК «Тәжібаев Б», Сарыағаш ауданынан ЖК «Ташев», Түлкібас ауданынан ЖК «Мұра», Отырар ауданынан «NOMAD», Шардара ауданынан «Береке-К» ЖК, Төлеби ауданынан «FISH Hause» ЖШС, ЖК «Сұлтанқұлов», Жетісай ауданынан ЖК «Ерболат», Сарыағаш ауданынан «Жұмабек» ШҚ.)
2025 жылы облыстық бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 500 млн. теңге бөлініп, толық игерілді, ал, республикалық бюджеттен инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеуге 120,5 млн. теңге бөлініп, 3,2 млн. теңгесі игерілді. 2026 жылы осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 500 млн. теңге және республикалық бюджеттен 144 млн. теңге қарастырылып, өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылға аудан, қала аумағынан балық шаруашылығын дамыту мақсатындағы балық өсіру кешендерін ашу жоспарына сәйкес, 19 балық шаруашылықтарын ашу және 9123 тонна тауарлы балық өсіру межесі бекітілген.
Көгалдандыру
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.
Жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан
- 2022 жылы 251 685 дана,
- 2023 жылы 1 088 644 дана,
- 2024 жылы 997 329 дана әртүрлі көшеттер босатылды.
- 2025 жылы – 1 060 589 дана жалпы аудан, қалаға егілген көшет босатылды.
Жалпы 2021-2025 жылдары облыс көлемінде 2 337,0 мың дана көшет отырғызылды.
2026 жылға көктем және күз айларына басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінен 1 млн дана көшет босату жоспарлануда. Көктем айларында 332500 дана әртүрлі көшет босатылып, егілді.
Табиғат
Облыс аумағында 105 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары бар.
Полигондардың 50% санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейді (электр энергиясы, су, қоқыс өлшеуге арналған таразы диз.ванна, арнайы қоқыс көмуге арналған шұңқырмен, қоршаумен жабдықталмаған).
Осыған сәйкес, облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестентіру үшін арнайы 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген:
- 672,7 млн.теңге аудандық бюджет есебінен 16 полигон талапқа сәйкестендірліді;
- 52,2 млн.теңге Арыс қаласында 3 полигон;
- 85,5 млн. теңге Шардара ауданында 3 полигон;
- 400,0 млн. теңге Созақ ауданында 4 полигон;
- 135,0 млн. теңге Бәйдібек ауданы 6 полигон;
- 17 ҚТҚ полигоны оңтайландырылды (Келес 8, Қазығұрт 8, Түлкібас-13)
Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын 20 мекеме жұмыс атқарады. Оның ішінде, 15 мекеме қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптаумен (қолмен сұрыптау), 5 мекеме қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.
2025 жылдың 12 айында 87552 тонна қоқыс жинақталып, оның 27144 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып, қайта өңдеу көлемі 31 % орындалды, жоспар 31%.
2026 жылға жоспар:
Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 33%-ға арттыру.
Экология
Экология Кодексіне сәйкес, басқарма II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар және III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын береді.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, «е-license» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Экология Кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасында /ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 ж. №286 бұйрығы/ айқындалған.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімі, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша өтінімдерді қарап, қоғамдық тыңдауларды өткізу күніне және орнына келісім береді. Сонымен қатар өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын порталға орналастырады.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
|
Түскен өтінім |
Рұқсат беріл ген |
Дәлелді бас тарту |
Өтінімді кері қайтарып алған |
|
|
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар |
82 |
62 |
15 |
14
|
|
|
III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне |
438 |
285 |
48 |
81 |
|
Басқарма тарапынан ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаулар:
|
Қоғамдық тыңдаулар: 2026 жыл |
|
|
Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар (І және ІІ санаттағы объектілерге рұқсат алу процесінде өткізіледі) |
119 |
|
Жария талқылаулар арқылы өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама алу процесінде өткізіледі) |
341 |
Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен бейнежазбалары «https://ndbecology.gov.kz/» ақпараттық жүйеде және басқарманың ресми интернет ресурсында орнатылған.