| 01.06.2026 ж. |
- Сауран ауданы әкімдігінің «Ескі Иқан ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (БСН 001240004814, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Д.Қонаев көшесі №4 Б, тел. +77768692727) әкімдікке қарасты тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бойынша жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасына, өндірістік экологиялық бақылаудың бағдарламасына, қалдықтарды басқару бағдарламасына және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды.
- Нысанның орналасқан жері: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылынан оңтүстік-батыс жаққа қарай 2,5 км.-ден астам қашықтықта. (Координаттары 43.157274, 68.491264).
- Қоғамдық тыңдауларды өткізудің басталу орны, күні және уақыты: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Д.Қонаев көшесі №4 Б, ауыл әкімшілігінің мәжіліс залы, 01 шілде 2026 ж., сағат 10:00.
- Бейне конференция байланыс үшін платформа: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09. Конференция идентификаторы: 616 540 8596, Рұқсат ету коды: 123456.
- Қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күнінен аспайды.
- Жоба бойынша құжаттамамен бірыңғай экологиялық порталда https://ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar?lang=kk сайтында танысуға болады.
- Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша немесе электрондық нысанда «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не мына мекен жайға жолдауға болады: Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 к-сі, 20 ғимарат; почта: a.erkebai@ontustik.gov.kz,тел.: 8(725)335-49-98.
- Жоба бойынша құжаттама құрастырушылардың деректемелері және байланыс деректері: Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Экология» ҒЗИ, БСН: 990440008043. Түркістан қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 8а; пошта: ecology.institute@ayu.edu.kz; телефон: 8(725)339-74-87. Қосымша акпаратты «Экология» ҒЗИ байланыс деректері арқылы алуға болады.
|