Мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат
Орман шаруашылығы
Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдары еліміздің мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 млрд.-тан астам ағаш отырғызу бойынша тапсырмасына (2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы) сәйкес, «Түркістан облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттыру бойынша Кешенді жоспары» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен бекітілген.
Кешенді жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде Түркістан облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110,2 мың га алқапқа 170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің белгіленген көлемнен төмен емес денгейде 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша ұсынымы негізінде, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, 2021-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар, облыс әкімдігімен қайта бекітілді.
Кешенді жоспарға сәйкес:
- 2025 жылға – 16 500,0 га жерге 27 192,8 мың дана көшет егу жоспарланған, жыл қорытындысымен 16 883,0 га жерге 28 767,2 мың дана көшет егілді.
Жалпы барлығы 2021-2025 жылдары 96,3 мың га аумаққа 146,7 млн көшет егілді.
Орман шаруашылығы мекемелеріндегі орманды өрттен қорғау шаралары
2025 жылдың 26 наурызынан бастап 20 қарашаға дейін орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусым болып белгіленген. Осы уақыт аралығында:
- 9700,5 км – орманды өрттен қорғау шаралары минералды жолақтарды күтіп-баптау;
- 293,8 км минералды жолақтарды құру;
- 140 км өртке қарсы жолдарды жөндеу ;
- 95 км орман өрттерінің алдын алу мақсатында жол бойлары мен өзен, арық жағалауларындағы қураған қамыстар мен шөптесін өсімдіктерге бақылаулы өртеу шаралары жүргізілді;
- 68 % - орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен, құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі (аталған көрсеткіш тозығы жеткен, жарамсыз, теңгерімнен шығарылатын техникалар мен құрал-жабдықтар есебі негізінде алынды);
- 619 дана техника мен құрал-жабдық өртке қарсы дайындықтан өткізілді;
- 73 дана өртке қарсы мақсаттағы объектілер мен бақылау-күзет іс-шаралары толық жарақтандырылған, оның ішінде:
- 7 дана орман өрттерін сөндіру станциялары (2-ші типті ОӨСС),
- 39 дана өрт бақылау мұнаралары;
- 27 дана өрт қарауылдау посттары;
- 327 дана байланыс құралдары.
- 180 өрт сөндіруге арналған арнайы техникаларының су алу орындары дайындыққа келтірілген, оның ішінде:
- 58 арнайы пирстер;
- 17 артизан;
- 10 құдық;
- 10 ұңғыма;
- 85 табиғи су айдындары.
Орман алқаптарына жақын орналасқан авиациялық техникалардың су алуға арналған:
- 17 су қоймасы (Шардара, Көксарай, Михайловский, Қапшағай, Тоғыс және т.б.), 17 көл (Жетікөл, Ешкілікөл, Ащыкөл, Байырқұм көлі, Шірік көл, Сары көл, Айдаркөл және т.б.);
- 6 өзен (Сырдария, Шу, Арыс, Боралдай, Машат, Келес) және 1 Қызылқұм каналы бар.
2025 жылдың басынан орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 80 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, айыппұл салынып, толығымен өндірілді:
- Бадам КММ - 15 азаматқа 363,0 мың теңге;
- Отырар КММ - 31 азаматқа 609,5 мың теңге;
- Созақ КММ - 30 азаматқа 589,8 мың теңге;
- Шардара КММ - 3 азаматқа 58,9 мың теңге;
- «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ - 1 азаматқа 19,6 мың теңге көлемінде айыппұл салып, жалпы 1 640,9 мың теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу
2025 жылдың 30 сәуір күні Түлкібас ауданы «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің аумағында және 22-23 мамыр күндері Келес ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шараға:
- 6 дана өрт сөндіру автокөлігі;
- 21 дана патрульдік автомашиналар;
- 2 дана соқалы трактор;
- 5 дана тіркемелі су тасығыш трактор;
- 150 адам жасақшылар тобы жұмылдырылды.
Өрт болдырмау үшін шектеу
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 17 қыркүйектегі «Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы» №190 қаулысының негізінде, Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің (Бадам, Отырар, Созақ, Шардара, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі», «Жасыл аймақ», «Жасыл желек») мемлекеттік орман қоры жерлері мен оған шекаралас аймақтарға шлагбаумдар орнатылып, шектеулер қойылды.
Балық шаруашылығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі
№208 қаулысымен, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға, 2025 жылға жоспар – 7 467 тоннаға жеткізу жоспарланған:
- 209 балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар;
- 104 жергілікті маңызы бар су айдыны бар;
- 74 конкурстық негізде су айдыны бекітілген;
- 30 су айдыны резервте;
- 2 781 тонна балық аулауға рұқсат берілді;
- 62,8 млн теңге мемлекеттік бюджетке түсім түсті;
- 8123,5 тонна балық 2025 жылдың қорытындысымен өсірілді;
- 16 балық өсіру шаруашылықтарын ашылды;
(Сауран ауданынан «Алдияр» ШҚ, Сайрам аудынан ЖК «Ақсу FISH», ЖК «Атасай», Ордабасы ауданынан «Төрткул балық» АӨК, «Экофуд» ЖШС, ЖК «Жумадилова Э», ЖК «Усманова», Келес ауданынан ЖК «Тәжібаев Б», Сарыағаш ауданынан ЖК «Ташев», Түлкібас ауданынан ЖК «Мұра», Отырар ауданынан «NOMAD», Шардара ауданынан «Береке-К» ЖК, Төлеби ауданынан «FISH Hause» ЖШС, ЖК «Сұлтанқұлов», Жетісай ауданынан ЖК «Ерболат», Сарыағаш ауданынан «Жұмабек» ШҚ.)
- 500,0 млн теңге облыстық бюджеттен акваөсіруді субсидиялау үшін 2025 жылға бөлініп, толық игерілді.
- 120 млн 500 мың теңге республикалық бюджеттен инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға бөлініп,
- 3,2 млн теңге игерілді.
(су қорғау белдеуімен су қорғау аймағында балық шаруашылығын жүргізу шектеуінің алынып тасталуы, балық шаруашылығына беріліп жатқан субсидиялар, оның ішінде: акваөсіруді дамыту, инвестициялық салымдар және 2026 жылдан бастап кредиттік ставканың бір бөлігін (160,0 млн) мен балық өңдеу кезіндегі шығыстарды субсидиялау (741,4 млн) қарастырылуда.
2026 жылға аудан, қала аумағынан балық шаруашылығын дамыту мақсатындағы балық өсіру кешендерін ашу жоспарына сәйкес, 19 балық шаруашылықтарын ашу және 9123 тонна тауарлы балық өсіру межесі бекітілген).
Көгалдандыру
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген.
Жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан
- 2022 жылы 251 685 дана,
- 2023 жылы 1 088 644 дана,
- 2024 жылы 997 329 дана әртүрлі көшеттер босатылды.
- 2025 жылы – 1 060 589 дана жалпы аудан, қалаға егілген көшет босатылды.
Жалпы 2021-2025 жылдары облыс көлемінде 2 337,0 мың дана көшет отырғызылды.
2026 жылға көктем және күз айларына басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінен 1 млн дана көшет босату жоспарлануда.
Табиғат
Облыс аумағында 107 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары бар.
Полигондардың 52% санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейді (электр энергиясы, су, қоқыс өлшеуге арналған таразы диз.ванна, арнайы қоқыс көмуге арналған шұңқырмен, қоршаумен жабдықталмаған).
Осыған сәйкес, облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестентіру үшін арнайы 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген:
- 672,7 млн.теңге аудандық бюджет есебінен 16 полигон талапқа сәйкестендірліді;
- 52,2 млн.теңге Арыс қаласында 3 полигон;
- 85,5 млн. теңге Шардара ауданында 3 полигон;
- 400,0 млн. теңге Созақ ауданында 4 полигон;
- 135,0 млн. теңге Бәйдібек ауданы 6 полигон;
- 17 ҚТҚ полигоны оңтайландырылды (Келес 8, Қазығұрт 8, Түлкібас-11)
Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын 20 мекеме жұмыс атқарады. Оның ішінде, 15 мекеме қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптаумен (қолмен сұрыптау), 5 мекеме қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.
2025 жылдың 12 айында 85 900 тонна қоқыс жинақталып, оның 26 641 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып, қайта өңдеу көлемі 31 % орындалды, жоспар 31%.
2026 жылға жоспар:
Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 33%-ға арттыру.
Экология
Экология Кодексіне сәйкес, басқарма II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар және III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын береді.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, «е-license» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Экология Кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасында /ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 ж. №286 бұйрығы/ айқындалған.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімі, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша өтінімдерді қарап, қоғамдық тыңдауларды өткізу күніне және орнына келісім береді. Сонымен қатар өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын порталға орналастырады.
Басқарманың экологиялық реттеу бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
|
Түскен өтінім |
Рұқсат беріл ген |
Дәлелді бас тарту |
Өтінімді кері қайтарып алған |
Жұмыс барысында |
|
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар |
193 |
101 |
46 |
20
|
26 |
|
III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне |
1293 |
622 |
451 |
187 |
33 |
Аудан, қала бойынша II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттардың саны
|
№ |
Аудан, қала |
Рұқсаттардың саны |
|
1 |
Арыс қаласы |
6 |
|
2 |
Бәйдібек ауданы |
4 |
|
8 |
Жетісай ауданы |
1 |
|
4 |
Келес ауданы |
2 |
|
5 |
Кентау қаласы |
2 |
|
3 |
Қазығұрт ауданы |
6 |
|
9 |
Мақтаарал ауданы |
2 |
|
6 |
Ордабасы ауданы |
11 |
|
7 |
Отырар ауданы |
- |
|
10 |
Сайрам ауданы |
15 |
|
11 |
Сарыағаш ауданы |
6 |
|
13 |
Сауран ауданы |
17 |
|
12 |
Созақ ауданы |
10 |
|
14 |
Төлеби ауданы |
5 |
|
15 |
Түлкібас ауданы |
4 |
|
16 |
Түркістан қаласы |
1 |
|
18 |
Түркістан облысы Бір рұқсатта бірнеше аудандарда алаңшалар орналасқан |
1 (Сайрам, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек), 1 (Сарыағаш, Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Қазығұрт) 1 (Сайрам, Сауран, Отырар, Бәйдібек, Ордабасы, Түркістан қаласы) 1 (Мақтаарал, Жетісай, Шардара) |
|
17 |
Шардара ауданы |
5 |
|
Барлығы: |
101 |
|
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттардың түрлері
|
№ |
II санаттағы объектілер |
Рұқсаттардың саны |
|
1 |
Газ саласындағы өнеркәсіптер |
9 |
|
2 |
Кен орындар (Карьер: құм, тас, топырақ) |
62 |
|
3 |
Кірпіш зауыттары |
4 |
|
4 |
Кәріз тазалау имараттары |
4 |
|
5 |
Инсинераторлық қондырғы (медициналық қалдықтарды жою) |
3 |
|
6 |
Тасты ұсақтау сұрыптау қондырғысы (ДСУ) |
2 |
|
7 |
Бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу |
1 |
|
8 |
Мұнай өнімдерін сақтау объектілері |
2 |
|
9 |
Құрылыс объектілері |
1 |
|
10 |
Зауыттар (мақта зауыты, май зауыты, керамзит зауыты т.б) |
6 |
|
11 |
Мал шаруашылықтары (9000 бас ірі қара, 15000 бас ірі қара) |
2 |
|
12 |
Өзге де ғимараттар (ҚТЖ, вахталық кент, әскери бөлім, өндірістік базалар т.б) |
5 |
|
Барлығы: |
101 |
|
Аудан, қала бойынша III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының саны
|
№ |
Аудан, қала |
Қорытындылардың саны |
|
1 |
Арыс қаласы |
29 |
|
2 |
Бәйдібек ауданы |
31 |
|
3 |
Қазығұрт ауданы |
18 |
|
4 |
Келес ауданы |
9 |
|
5 |
Кентау қаласы |
45 |
|
6 |
Ордабасы ауданы |
41 |
|
7 |
Отырар ауданы |
10 |
|
8 |
Жетісай ауданы |
17 |
|
9 |
Мақтаарал ауданы |
42 |
|
10 |
Сайрам ауданы |
34 |
|
11 |
Сарыағаш ауданы |
36 |
|
12 |
Созақ ауданы |
55 |
|
13 |
Сауран ауданы |
80 |
|
14 |
Төлеби ауданы |
40 |
|
15 |
Түлкібас ауданы |
24 |
|
16 |
Түркістан қаласы |
56 |
|
17 |
Шардара ауданы |
55 |
|
Барлығы: |
622 |
|
III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының түрлері
|
№ |
Өнеркәсіп |
Қорытындылардың саны |
|
1 |
Білім беру ұйымдары (мектеп, балабақша, колледж) |
345 |
|
2 |
Құрылыс, қайта құру объектілері |
25 |
|
3 |
Автожарамай құю бекеттері және автогаз құю станциялары, өнімдерін сақтайтын база |
60 |
|
4 |
Шаруа қожалықтар (қой – 600 бастан жоғары, сиыр және жылқы – 150 бастан жоғары) |
27 |
|
5 |
Асфальтбетон және бетон өндіру |
8 |
|
6 |
Қоймалар: (астық қоймасы, металл сынықтарын сақтау, көмір, құрылыс материалдарын сақтау қоймасы) |
8 |
|
7 |
Жылыжай |
3 |
|
8 |
Медициналық ұйымдар |
19 |
|
9 |
Цех, зауыттар (сусындар, ет және ет өнімдерін өңдеу комбинаты, металл конструкциялар зауыты, ПЭТ бөтелкелерін қайта өңдеу) |
7 |
|
10 |
Емдеу-сауықтыру кешені |
2 |
|
11 |
Моншала |
1 |
|
12 |
Нысандар (ҚТЖ, әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, база т.б.) |
5 |
|
13 |
Кен орындар (Карьер: құм, тас, топырақ өндіру. Қатты пайдалы қазбаларды барлау) |
50 |
|
14 |
Кен орындарды (Карьер) жою жоспары |
62 |
|
Барлығы: |
622 |
|
Басқарма тарапынан ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаулар:
|
Қоғамдық тыңдаулар: 2025 жыл |
|
|
Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар (І және ІІ санаттағы объектілерге рұқсат алу процесінде өткізіледі) |
233 |
|
Жария талқылаулар арқылы өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (III санаттағы объектілер мен басқа заңдарда көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама алу процесінде өткізіледі) |
588 |
Барлық материалдар өтінім беруден бастап, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары мен бейнежазбалары «https://ndbecology.gov.kz/» ақпараттық жүйеде және басқарманың ресми интернет ресурсында орнатылған.