Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 37 бабында жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге міндеттелген.
Аталған жобаға облыстық бюжеттен қаржы бөлініп, табиғи ресурстар басқармасының тапсырысымен мердігер «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-і тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жоба Экологиялық кодекстің талабына сәйкес, жергілікті өкілді орган шешімімен бекітіледі. Бүгінгі таңға, шешім жобасы әзірленіп, Қоғамдық Кеңестің келісімі, Сараптамалық қорытындының хаттамасы алынды. Қазіргі таңда Экология министрлігінің келісімін алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Келісім алынғаннан кейін мәслихаттың сессиясына қарауға ұсынамыз. Жобаны бекіту ағымдағы жылдың 1-шілдесіне аяқтау жоспарланып отыр.