Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Аудан әкімдігіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен өткен жиында көктемгі кезеңде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жан-жақты пысықталды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Ақбаев аталған мәселе бойынша хабарлама жасап, көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар, 6-7 ақпан күндері аралығында аудан аумағында өтетін «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуының өткізілу барысы да назарға алынды. Оқу жаттығуында ауданның төтенше жағдайлар қызметі мен басқа да мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіріп, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мәселелері қарастырылады.