Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2021 жылдың 14-18 қарашасы арасында Украинаның Харьков қаласында панкратион бойынша Әлем чемпионаты өтті. Онда 20 елден 400-ден аса спортшы бағын сынады.

        Қазақстан Республикасы құрама командасының қатарында жерлесіміз, Акбар Елубайұлы қатысып өз өнерін көрсетті.

        Әлем чемпионаты барысында ауыр салмақта сынға түскен жерлесіміз, финалға дейін қарсыластарынан үлкен есеппен басым түсті. Жарыс нәтижесі бойынша панкратионнан әлем чемпионатының күміс жүлдегері  атанды.

        Айта кету керек, Акбар Елубайұлы джиу джитсудан әлем чемпионы. Қошқар көтеруден Қазақстанның рекордтар (КИнЭС) кітабына енген. Спортың бірнеше түрінен спорт шебері.