Меню

Страницы

Статья

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар - елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.

Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында,Президенттің
2023 жылғы 15 маусымдағы№ 255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қағидалары бекітіліп, 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде өңірлік кадр резерві қалыптастырылды.

Бұл бастама - мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және
жас, білікті кадрларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды қадам.

Өз кезегінде, облысымызда Кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 30 адам іріктеліп алынды. Бұдан басқа, Президенттік жастар кадр резервінен іріктеусіз 2 адам қабылданып, жалпы резервшілер саны 32-ні құрады.

Бұл тұста, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Өңірлік кадр резервіне қабылданған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурссыз тағайындала алады.

Бүгінде облыстағы 32 резервшінің 19-ы тиісті лауазымдарға тағайындалды.

Айта кету қажет, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі бола отырып, жаңашыл ойлауымен, белсенділігімен және жауапкершілігімен ерекшеленеді.

Сондықтан, олардың энергиясы мен тың көзқарасы мемлекеттік қызметте басқару үдерістерін жетілдіруге, шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға және халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Осы орайда, жастарды мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.

 

Нұрлан Анарбекұлы Амандық

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип

Сейчас читают

14 июля 2026
09 июля 2026
09 июля 2026
Видеороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы