Созақ аудандық орталық ауруханасы аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу мекемесі, сонымен қатар аудандағы барлық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік және шұғыл басқаруды қамтамасыз ететін орталық және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыратын мекеме болып саналады. Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттері: — Аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық медициналық көмекті тиісті көлемде қамтамасыз ету; — Жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басқару, аудан денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін бақылау; — Медицина мекемелерінің желісін жетілдіру және осы бағыттағы іс-шараларды жоспарлы түрде дамыту; — Аудан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру; — Аудан халқына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, аурушаңдықты, мүгедектікті, ауруханадағы өлім-жітімді, балалар арасындағы және жалпы өлім-жітімді азайтуға, жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу; — Аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерінің өз міндеттерін атқаруда кең көлемде және мерзімінде науқастарды анықтаудың және алдын алудың заманауи әдістері мен тәсілдерін енгізу.