«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сұрақ-жауаптар

Сұрақ

Жауап

1.   Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады?

 

БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыныіздеу» бөліміндебаланың ЖСН-іненгізіп, «Тексеру» батырмасынбасыңыз.

Нәтижесіндебаланыңқайесептіжылданбастапбағдарламағақатысушыекеніжәнежинақталғанмақсаттыталаптардыңжалпысомасыкөрсетіледі.

 

2. Нысаналы талаптар мен нысаналыжинақтардыңайырмашылығынеде?

 

Нысаналыталаптар – ҮкіметтіңҚазақстанРеспубликасының 18 жасқатолмағаназаматтарыалдындағыміндеттемелері. ОларҰлттыққордыңинвестициялықкірісінің 50%-ы есебіненжылсайынқалыптастырылады.

Нысаналыжинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқатолған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталғаннақтыақша.

Яғни, бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары ақшалай балама түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинаққа айналып, БЖЗҚ-дағы жеке шотына аударылады.

 

3. Орташа инвестициялық кіріс қалай есептеледі?

 

Ұлттық қордың орташа инвестициялық кірісі соңғы 18 жылдағы валюталық активтердің орташа жылдық табыстылығын және сол кезеңдегі таза валюталық активтердің орташа айлық нарықтық құнын ескере отырып есептеледі.

Толық мәлімет ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Қағидаларда көрсетілген.

 

 

 

4. Балалардың нысаналы жинақтары қалай қорғалған?

 

 

 

 

 

Ұлттық қордан есептелген нысаналы жинақтарға төмендегідей тыйым салынады:

- банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алу;

- банк шоттарындағы ақша қаражаттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

- жинақ алушының келісімінсіз ақшаны алып қою;

- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеу. 

- жеке табыс салығын салу.

 

 

5. Нысаналы жинақтар Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға түскеннен кейін инвестициялана ма?

БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларында сақталады және нысаналы жинақ алушылар немесе олардың мұрагерлерінің пайдалануы үшін қолжетімді болады.

6. Бағдарламаға қатысу басқа мемлекеттік жәрдемақыларға, мәселен, мүгедектігі бар балаларға немесе көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға әсер ете ме?

 

Жоқ. Мүгедектік, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алатын балалар да бұл бағдарламаға Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалармен тең қатысады.

 

7. Біротбасыныңбалаларыжинақтарынбір-бірінебере ала ма?

 

Қолданыстағы заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатындағы нысаналы жинақ төлемдерін жақын туыстарының пайдасына беру көзделмеген.

 

8. Менің баламның деректері мемлекеттік дерекқорда болмауына байланысты қатысушылар тізіміне енбеді. Ол Бағдарламаға енгізіле ме және бұл нысаналы талаптардың жиынтық сомасында қалай көрінеді?

 

Балалар нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған не бар болса, олардың нысаналы талаптары өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған кезең (кезеңдер) үшін толық есептеледі.

Бұлреттезаңдыөкілдергеберетін кеңесіміз:

1) төмендегілерді тексеру:

баланыңжекебасынкуәландыратынқұжаттыңболуы (туутуралыкуәлік, 16 жастанбастапҚазақстанРеспубликасыазаматыныңжекекуәлігі);

жекебасынкуәландыратынқұжаттадеректемелердіңболуыжәнеолардың дұрыстығы: аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы;

eGov.kzпорталындағыөзініңжекекабинетіндебалалартуралымәліметтердіңболуы, тіркелуіжәнедұрыстығы;

2) егер баланың:

жекебасынкуәландыратынқұжаты, ЖСН-ы жоқ болса, тұрғылықтыжерібойынша«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО)жүгінуқажет;

азаматтығыжоқнемесеанықталмағаннемеседұрыскөрсетілмеген, тұрғылықтыжерібойыншакөші-қонқызметінежүгінуқажет.

9. Ұлттық қордан нысаналыталаптардыңдұрысесептелуінқай мемлекеттік орган бақылайды?

 

БЖЗҚ-ныңнысаналыталаптарды, нысаналыжинақтар мен нысаналыактивтердідұрыс есепкеалуын бақылаудықаржынарығынжәнеқаржыұйымдарынреттеу, бақылаужәнеқадағалаужөніндегіуәкілетті орган – ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзегеасырады.

 

 

10. Бағдарламағақатысатынбалалардыңтізімінқандайұйымжасайды?

 

БЖЗҚ "Жеке тұлғалар" мемлекеттікдерекқорынан (ЖТ МДҚ) алынғанмәліметтернегізінденысаналыталаптарғақатысушылардыңэлектрондықтізімінҚордың цифрлықжүйесіндедербесқалыптастырады.

11. Меніңбалама БЖЗҚ-да шоташылдыжәнеоныңнысаналыжинақтарыда аударылды, бірақбізқазірбұлқаражаттыпайдаланаалмаймыз, неге?

 

БЖЗҚ-дағы нысаналыжинақтаушотыБағдарламаға қатысушы кәмелетке толатын жылынысаналыжинақтардыңсомасын АҚШ долларыменесептейотырып, автоматтытүрдеашылады.

Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннанкейінғана нысаналыжинақтарын екімақсатқа – тұрғын үйжағдайларынжақсартуғажәне (немесе) білім беру ақысынтөлеугепайдалануқұқығынаиеболады.

12. Қаражаттыуәкілеттіоператорданқайтадан БЖЗҚ-қақайтаруға бола ма?

 

Уәкілетті оператор-банкнысаналыжинақтартөлемдерінқайтаружұмыстарынмынадайжағдайлардажүргізеді:

1) нысаналыжинақтардыалушы не оныңзаңдыөкіліуәкілеттіоператорғанысаналыжинақтар төлемінің барлықсомасыннемесебірбөлігін БЖЗҚ-ғақайтаруғаөтінішбергенде;

2) нысаналыжинақтөлемдеріментолықтырылғанмемлекеттікбілім беру жинақтаужүйесішеңберіндежасалғанбілім беру жинақтаусалымытуралышарттынемесебілім беру жинақтаусақтандырушартыбұзылған кезде;

3) нысаналыжинақтардыалушының тұрғын үйжағдайларынжақсартуғажәне (немесе) білімалушыныңбілімалуынаақытөлеуінебарлыққажеттіқұжаттардыұсынбауы;

4) техникалықжәнекәсіптік, орта білімненкейінгі, жоғарыжәнежоғарыоқуорнынанкейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларыніскеасыратынекіншідеңгейдегібанктерденнемесесақтандыруұйымдарынаннемесебілім беру ұйымдарынаннысаналыжинақтөлемдеріқайтарылса.

13. Ата-аналаржинақтардытексере ала ма?

 

Кәмелеткетолмаған баланыңата-аналарынемесезаңдыөкілдеріөз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobileмобильдіқосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің(Kaspiжәне Halyk банктері) қосымшаларындакөреалады.

Бала он сегізжасқатолғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оғаннысаналыжинақтаушотыашылады, оған тек нысаналыжинақтардыалушының (кәмелеткетолғанбаланың) өзіғанақолжеткізеалады.

14. Балаға БЖЗҚ-да шоташылып, оныңнысаналыжинақтары есептеліп қойды. Алайда, 18 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын бала азаматтығын өзгертті. Оның нысаналы жинақтарымен не болады?

 

Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады, бұл ретте:

1) нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары белгіленген тәртіппен нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінеді;

2) нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылып, есепті жылдың соңында нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінеді. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты жабылады.

15. Нысаналы талаптарға қатысушы-нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар талап етіледі және оларды қайда ұсыну қажет?

 

Қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының мұрагері (мұрагерлері) нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді. Бірақ мұндай өтінімді қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана беру керек.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, сондай-ақ өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.

Төлемдерді есептеу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады.

Бұл ретте мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.

 

16. Нысаналы жинақтарды бөліп-бөліп пайдалануға бола ма?

 

Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақты қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалануға болады.

17. БЖЗҚ мен уәкілетті оператордың бағдарлама шеңберіндегі міндеттері қандай?

 

БЖЗҚ-ның міндеті:

1) нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашу;

2) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу, нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына нысаналы жинақтарды алушыға арналған төлемді жүзеге асыру, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алу;

3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтерді тегін ұсынуға міндетті:

нысаналы талаптардың қатысушысына немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы;

нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша нысаналы жинақтау шотын ашқан күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақ сомасы;

4) нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында уәкілетті операторда ашылған нысаналы жинақтарды алушылардың шоттарына, сондай-ақ қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлеріне уәкілетті операторда ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен төлеуді жүзеге асыру;

5) нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимыл жасау;

6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланбаған нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аудару.

Уәкілетті оператордың (УО) міндеті:

1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақтау төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашу және жүргізу;

2) УО интернет-ресурсы арқылы алушылардан не алушылардың заңды өкілдерінен (алушылардың әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болған жағдайда) нысаналы жинақтарды төлеуге арналған өтініштерді УО мекенжайына қабылдау;

3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтау төлемдерінің нысаналы мақсатын растау жөніндегі құжаттарды қабылдау және тексеру;

4) нысаналы жинақтарды олардың нысаналы мақсаты бойынша аудару;

5) нысаналы жинақтарды төлеу сомаларын (АҚШ долларымен) қайтару себептерін көрсете отырып, БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыру.

18. Балама қанша қаражат тиесілі екенін қалай білемін?

 

Сіз БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтында, eGov mobile мобильді қосымшасында және кейбір банктердің (Kaspi және Halyk банктері)қосымшаларында балаңызға есептелген нысаналы талаптардың жиынтық сомасын тексере аласыз.

Айта кетейік, БЖЗҚ сайтында жалпы сома көрсетіледі. Егер сіз есептеулердің жыл бойынша егжей-тегжейлі бөлінісін көргіңіз келсе, онда EGOV mobile мобильді қосымшасын, кейбір банк қосымшаларын (Kaspi және Halyk банктері) жүктеп, оларға кіруіңіз керек.

 

19. Егер балаға нысаналы талаптар есептелген, бірақ нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылмаған болса?

 

БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоты бала кәмелетке толған жылы оның нысаналы жинақтарын есепке алу үшін автоматты түрде ашылады. Осы күнге дейін балаға нысаналы талаптар есептеледі және олар БЖЗҚ-да есепке алынады.

kids.enpf.kz сайтындағы "Қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы ретінде тіркелген есепті жылды және өтініш берілген жылға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасын көрсететін ақпарат қолжетімді болады. 

 

20. Егер бала ҚР азаматы емес деген ақпарат шықса, не істеу керек?

 

Егер ЖСН-ы көрсетілген бала "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болмаса, сәйкесінше, ол «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса аламайды және нысаналы талаптары да болмайды.

ЖТМДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз.

ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ осы жеке тұлғаны өткізіп алған кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың және (немесе) нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді.

 

21. Егер нысаналы талаптарға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған (азаматтығынан шыққан) болса, БЖЗҚ-да қандай ақпарат көрсетіледі?

 

Егер ЖСН-ы көрсетілген жеке тұлға ҚР азаматы болып табылмаса, тиісінше, оның ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарға құқығы жоқ.

БЖЗҚ сайтындағы (kids.enpf.kz) "Қатысушыны іздеу" бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, "Тексеру" батырмасын басқан кезде "Жеке тұлға ҚР азаматы болып табылмайды, сондықтан ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарға құқығы жоқ" деген ақпарат беріледі.

 

22. Қаражатты бала қандай мақсаттарға пайдалана алады?

 

"Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңға сәйкес нысаналы жинақтар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында қолданылады. Төлемдер бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін қолжетімді.

Нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі шарттар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдалану қағидаларында регламенттелген.

23. Жинақтар БЖЗҚ-да қанша уақыт сақталады?

 

Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң қатысушының пайдаланбаған нысаналы жинақ сомасы БЖЗҚ-да қалады және оның нысаналы жинақтаушы шотынан ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.

Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген..

 

24. Жинақтау қандай валютада жүргізіледі және кейіннен нысаналы жинақтарды алушыға аудару қай валютада жүзеге асырылады?

 

"Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңға (бұдан әрі – заң) сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі.

Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақ алушылардың уәкілетті оператор-банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына аударылады.

Заңның 7-6 бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы негіз болып табылады.

25. Бұлқаражатқасалықсалынама?

 

Жоқ. ҚР Салық кодексіне сәйкес, нысаналы жинақтар төлемі салықтантолықбосатылған.

 

26. Ұлттыққордантөлемдералуүшінқандайбанктердебанктікшоташуғаболады? "Ұлттыққор – балаларға"жобасынақатысатын банктергеқойылатынқандай да біралғышарттар, талаптар бар ма?

 

Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады. 

Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:

"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),

"Халық банкі" АҚ (білім алу),

"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.

27. Тарихиотанымыз – Қазақстанғакөшіпкелдік, "қандас" мәртебесінеиеболдық. Біздіңбаламыз "Ұлттыққор-балаларға"жобасынақатыса ала ма?

 

"ҚазақстанРеспубликасындағы бала құқықтарытуралы" ЗаңғасәйкеснысаналыталаптарғаҚазақстанРеспубликасының он сегізжасқатолмағанбарлық азаматықатысады.

"ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығытуралы" ЗаңғасәйкесҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығыналғаннанкейін бала "Ұлттыққор-балаларға"бағдарламасынақатысаалады.

 

28. Егерқандай да бір жылдағыинвестициялықкірістерісболса не болады?

Ұлттыққордыңактивтеріұзақмерзімдінегіздеинвестицияланадыжәнеинвестициялаунәтижелеріәртүрлінарықтықфакторларәсерететінқаржынарықтарындағыжағдайғабайланысты. Сондықтан, Ұлттыққорактивтерініңвалюталықбөлігініңжекелегенкезеңдердегіинвестициялықкірістілігініңықтималтәуекелдеріннивелирлеуүшінолесептіжылдыңалдындағы он сегізжылішіндеорташаланады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 февраля 2026