21 қаңтар 2026 жыл
№1
Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі
әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде – Жуантөбе сайлау округі Жуантөбе ауылдық округі шекарасында құрылсын.
2.Жуантөбе сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Sozaq uni» газетінде жариялансын.
Созақ аудандық АСК төрағасы Т.Бекқұлы
Созақ аудандық АСК хатшысы Н.Қошқарбаев