Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де бос жұмыс орнына жарияланған конкурс.

 

Лауазым атауы:

 1.Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, әлеуметтік қызметкері. Еңбек ақысы: 123525-167414 теңге (еңбек өтіліне қарай)

Мекеменің мекенжайы:Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,  Әйтеке би көшесі, 50ғимарат.

Конкурс өткізу мерзімі:  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің осы хабарлама жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекенжайы: Түркістан облысы,Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Әйтеке би көшесі, 50ғимарат.

Лауазымдық міндеттері:

Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жағдайларында қызмет көрсету;

Мүгедектігі бар адамдарға, балаларға денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі күнделікті рәсімдерді, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ жеу, ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалу, тістерге немесе жаққа күтім жасау, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалану, тырнақтарын алу, ерлер үшін сақал-мұртын алу сияқты күнделекті тұрмыстық рәсімдерді орындауға кабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету,

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу,

 абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту аппаратын алуға жәрдемдесу,

жасына байланысты бейімделу мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша консультация беру,

дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып жүру,

мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызмет көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық ванналар),

балалар мен 18 жастан асқан адамдарды әлеуметтік дағдылары қалыпты деңгейдегі тұрмыстық және қол шеберлігінің негіздерін, күнделікті және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету.

   Білуі тиіс:

  Қазақстан Республикасының Конституциясын;

  Әлеуметтік кодексін;

  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің                      2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы.

 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің                   2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығы

  Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

          жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

          санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

           жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

          санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім.

        Конкурсқа ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

         1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

     3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

     4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

    5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатты;

    6)қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;

        7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттар мына  мекен жайда қабылданады:Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Әйтеке би 50 ғимарат. Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 2 қабат.

Анықтама телефоны: +77013815087

Электрондық пошта: k.gulshat_kz@mail.ru

 

 

Дата публикации
26 ноября 2025