Хабарландыру
«Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының1-қосымшасына сәйкес, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар, 2025 жылғы 24қыркүйекке дейін бөлімніңбайланыс телефондары: 872546-4-16-05, 8-702-950-42-70 және электрондық пошта: sozaq.media@bk.ruарқылы қабылданатынын хабарлайды.
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы
АҚПАРАТ
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Жоспарланған қаржы көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтыңнысаналытобы |
Күтілетіннәтиже |
|
1. |
«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» |
1 000,0 |
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №802 Жарлығы, ҚР Үкіметтінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 Ережесі |
Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері(ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүнитаным және адалдық, ашықтық қағидаттары артады, адал бәсекелестік дамиды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас қалыптастыру |
|
2. |
Деструктивті діни ағым идеологиясы ықпалының алдын алу мақсатындағы көпшілік кездесулер ұйымдастыру |
2 000,0 |
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы;- ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; - ҚР Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы |
- Халықтың діни сауатын арттыру; - Жастарды радикалды ағымдардан қорғау; - Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қарсы насихатты күшейту |
Қоғамда радикалды діни идеологияның таралуының алдын алу, халықтың діни сауатын арттыру, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру |
|
3. |
Деструктивті діни ағым идеологиясы ықпалының алдын алу бағытындағы видеороликтер әзірлеу |
1 000,0 |
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы;- ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; - ҚР Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы |
Қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру; Жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылу көрсеткішін төмендету; Азаматтардың дәстүрлі дінге бет бұруы; -Жалған діни ағымдар идеологиясына қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру |
Халық арасында діни сауаттылықты арттыру арқылы деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу, радикалды көзқарастардың таралуына тосқауыл қою және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу арқылы ДДА жақтастарының санын азайту |
|
4. |
Ауданы көлемінде пробация қызметінің есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру |
1 000,0 |
Пробация есебіндегі азаматтарға қатысты құқықтық негіз "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 83-VI ҚРЗ) негізінде |
Бағдарлама аясында есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасау деңгейі төмендейді, әлеуметтік бейімделу процесі жеңілдейді, қоғамға сәтті қосылуына жағдай жасалады |
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік ортасына қайта қосылуына жағдай жасау, құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу |
|
5. |
«Жастар салауатты өмір салты үшін» жобасын жүзеге асыру |
1 000,0 |
- ҚР Қылмыстық кодексі – есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, тасымалдау, өндіру және тарату үшін жауапкершілік белгілейді (296–303-баптар). - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – есірткі заттарын қолданғаны немесе сақтағаны үшін әкімшілік жаза қолдану. - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі – наркологиялық көмекті ұйымдастыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша |
Оқушылар мен жастар, жас әскери қызметшілер, әскери-патриоттық клуб мүшелері, аға буын өкілдері, ата-аналар мен отбасылар |
Ел аумағында есірткіге тәуелділіктің таралуына қарсы тиімді, нақты және үйлестірілген жүйе құру; Есірткіге тәуелділіктің таралу үдерісіне тосқауыл қою және оның алдын алу шараларын күшейту; Нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу саласында жоғары технологияларды әзірлеу мен енгізу; Есірткіге қарсы күреске қатысты халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру; Есірткі қылмыстарына қарсы күрес нәтижесінде қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және төмендету |