Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады? БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер

Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды

Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады?

БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер

  • ҚР қолданыстағыСалықкодексінежекетабыссалығынөтеубойыншаталапқоюмерзімдерінеқатыстықандайөзгерістеренгізілді?

Қолданыстағысалықзаңнамасынасәйкестұрғынүйгенемесеемделугебіржолғызейнетақытөлемдерін (БЗТ) пайдаланғанкездежекетабыссалығын (ЖТС) төлеуді салымшыныңтаңдауыбойынша БЗТ алғанкезде бірден немесезейнетақығадейінкейінгеқалдыру арқылы жүзеге асыруғаболады. Соныменқатар, 2024 жылғы 1 қаңтарданбастапәлеуметтікосалсанаттарғажататынадамдарБЗТтүріндегікірістерденстандарттысалықшегерімдеріне (882 АЕК[1]шегінде)құқылы. Алайда, көптегенадамдар БЗТ алғанкезде ЖТС-тібірдентөледі. Бұлжағдайдаәлеуметтікосалтоптарғажататыналушыларұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алуүшін БЖЗҚ-ғатиістіөтінішпенжәнерастайтынқұжаттарменжүгінеалады. Бұрынмұндайқұжаттардытапсырумерзіміүшжылболған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.

 

  • ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады?

Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

. 

  • Қайда жүгіну керек?

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

 

 

  • Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

 

  • Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.

Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]Айлық есептік көрсеткіш

Дата публикации
15 сентября 2025