Табысты алмастыру коэффициентінің маңызы және оның зейнетақы жүйесіндегі рөлі
Халықаралықұйымдарзейнетақыныңлайықтылығының маңыздыкөрсеткіштерініңбіріретіндетабыстыалмастырукоэффициентін (ТАК) атайды. Бұлзейнетақытөлемдері мен қызметкердіңзейнеткерлікке шыққанға дейінгі жалақысының арақатынасын, яғнионыңзейнетақысыжалақысын қаншалықты алмастыра алғанын көрсетеді.
Айта кету керек, ТАК–бұлмақсаттыбағдар, оныңмәніәрқызметкерүшінбірегей жәнеоныңеңбектабысы мен өтіліне, зейнетақыжарналарынжинақтаушызейнетақышотынааударудыңжүйелілігі мен толықтығымен тікелейбайланысты.
ҚазақстанРеспубликасыныңзейнетақыжүйесін 2030 жылғадейінмодернизациялаутұжырымдамасындазейнетақыжүйесінеқатысуөтілікемінде 35 жылжәнеаударымдардыңжүйелілігіжылына 12 ретболғанкездежиынтықзейнетақытөлемдерінеңбекақысының кемінде 40% деңгейінде (Халықаралықеңбекұйымының стандарты) сақтаукөзделген.
2024 жылызейнеткерлікжасқажеткенжәнезейнетақытөлемдерін (мемлекеттенынтымақтыжәнебазалық, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жинақтаушызейнетақы) ала бастағанБЖЗҚ салымшыларыныңзейнетақыныңбарлықтүрлерін қосқандағы төлем жиынтығыныңалмастырукоэффициентіжалақыныңорташадеңгейінің 41%-дан астамынқұрады.
Дамыған елдерден байқап отырғанымыздай, алдағы уақытта зейнетақының басым бөлігі жинақтаушы зейнетақыдан құралады. Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі адамның еңбек жолының толық кезеңі саналатын өзінің шамамен 40 жылдық циклына әлі жеткен жоқ. Осыған байланысты зейнетке шыққандардың жинақтау жүйесіндегі өтілі әзіргежеткіліксіз. Сонымен қатар, жинақтаушы жүйені енгізудің алғашқы жылдары табыстың төмен болуы, жарналардыңуақылы және толығымен аударылмауы өз әсерін тигізді. Сондықтан қазіргі зейнетақы төлемдерінде ынтымақты зейнетақының үлесі жоғары, дегенмен жылдан-жылға азайып келеді.
Актуарлық есептерге сәйкес болашақта еңбек жолын 2024 жылы бастаған (22 жасында) және 2065 жылы зейнетке шығатын салымшылардағы жинақтаушы зейнетақы есебінен алмастыру коэффициенті олардың табысының кем дегенде 35%-ынқұрайды. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)есебінен қалыптастырылады. Бұған қоса азаматтар мөлшері БЖЗҚ-ға МЗЖ аударымдарының өтіліне байланысты болатын базалық зейнетақы алады. Мұндай қызметкерлердің ынтымақты зейнетақы алуға құқығы болмайды.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ әрбір салымшы үшін орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеуді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емдеуге пайдалану үшін ТАК қалай есептеледі
Төмендегі шарттардың бірі сақталған жағдайда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға құқылы екенін атап өткен жөн:
Заңнамада ТАК есептеу алгоритмі келесідей бекітілген:
Ай сайынғы зейнетақы (тағайындалған күнгі базалық+ынтымақты) алушының соңғы 5 жылдағы (зейнеткерлікке шыққанға дейінгі) орташа айлық табысына (ОАТ) бөлінеді. ОАТ шамасы инфляцияны ескере отырып түзетілген 5 жыл ішіндегі оның нақты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер негізінде есептеледі және республика бойынша орташа айлық табыспен шектеледі.
Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар және өмір бойы ай сайынғы қамту төленетін отставкадағы судьялар үшін ОАТ ауыстыру коэффициенті 40%-ға тең бекітіледі.
ТАК есептеу үшін тек базалық және ынтымақты зейнетақылар есепке алынады, олар зейнеткерге 40%-дан төмен емес өмір бойғы кірісті қамтамасыз етуі керек. ТАК-тың осындай деңгейіне жеткен кезде зейнеткер өз жинақтарының 50%-на дейінгі соманы тұрғын үйге немесе емделуге пайдалана алады.
Егер азамат зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, яғни сақтандыру компаниясынан ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 70% көлеміндегі өмір бойғы зейнетақы төлемін алса, ол БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы шотындағы барлық жинақтарды тұрғын үйге немесе емделуге пайдалануға құқылы.
Алмастыру коэффициентінің мәнін түсіну азаматтарға зейнетақы төлемдері арқылы қаржылық тұрақтылығын жоспарлауға көмектеседі. Жыл сайын жинақтаушы зейнетақыныңмаңызы артып келеді. Барлық азаматтар үшін мемлекеттік саясат пен зейнетақы жүйесінің лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету бағытында дамуы маңызды.
[1]есептеуҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысыменбекітілген ТАК айқындауәдістемесінесәйкесжүзегеасырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000521)