Сайланған әкімді тіркеу туралы
СОЗАҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 29 маусымдағы отырысында Қыземшек кенті әкімі ретінде:
1996 жылы туылған, Созақ ауданы Қыземшек кенті тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ ӘБІЛ МАРС ЕРЛАНҰЛЫН тіркеді.
Сайланған әкімге тиісті куәлік табыс етіліп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы