Созақ ауданы Қыземшек кенті әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусым Созақ ауданы Қыземшек кенті әкімінің сайлауы өтті.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Созақ ауданы Қыземшек кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қыземшек кенті әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2062 азамат енгізілді, олардың 1292 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбіл Марс Ерланұлына – 1083; Жақыпбеков Алғатай Сәдібекұлына – 109;Сыздық Ақжол Шәріпұлына – 87; «Барлығына қарсы» – 8.Жарамсыз – 5; Жойылған – 791;
1996 жылы туылған, Созақ ауданы Қыземшек кенті әкімінің аппараты ММ-сі, кеңесші, іс басқарушыӘбіл Марс ЕрланұлыҚыземшек кенті әкімі болып сайланды, Созақ ауданы Қыземшек кенті тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы