Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ №29

Шолаққорған ауылы 27.11.2019 жыл

Сағат: 15.30

Өткен орны: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 

Жиынды комиссияның төрағасы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы Тұрдыұлы жүргізіп отырды.

 

Жиынға қатысқандар:

 

Комиссия хатшысы А.Смайлова - Аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері

Комиссия төрағасы Н.Айдаров - Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Комиссия мүшелері:

- М.Қарғабай – Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.

- Қ.Еспенбетов – Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

- Ғ.Жүсіп – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры.

Жиынға қатыспағандар:

- Р.Әлжанов – «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, комиссия мүшесі, белгілі себепке байланысты комиссия отырысына қатыса алмады.

 

 

Күн тәртібінде:

1. Созақ ауданы, Жуантөбе ауылынан 40 (қырық) орынға жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысына орналастыру бойынша конкурсқа келіп түскен құжаттарды қарау туралы

 

Комиссия төрағасы Н.Айдаров ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм

беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балалардың санының артуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдар ашу қажеттілігі туындап отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша Созақ ауданы, Жуантөбе ауылынан 40 (қырық) орынға конкурс жарияланғандығы туралы айтып өтті.

Жиын барысында комиссия төрағасы мен мүшелері конкурсқа қатысу үшін «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН №181140009609 тіркеу нөмірі № 10-е-1959-13-ЖШС) ұсынған төмендегіше құжаттарды қарады.

1) Комиссия төрағасының атына өтініш

2) Ержігітова Раушан Нұржігітқызы жеке куәлігі (көшірмесі)

3) Банкіден қарызының жоқтығы жөніндегі анықтама

4) Созақ аудандық салық басқармасы берген берешегі жоқтығы жөніндегі анықтама

5) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы анықтамасының көшірмесі

6) «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жарғысы көшірмесі

7) Медициналық кабинетке лицензиясының 26.11.2019 жылғы көшірмесі.

8) Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берушінің ) шарты

9) Созақ аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 24.12.2018 жылғы №Х.09.Х.KZ88VВS00129500 берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі

10) Педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

 

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағиданың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың сәйкестігін анықтауымыз қажеттігін айтты.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қағидасының тәртібін түсіндіріп өтті.

Комиссия мүшесі Ғ.Жүсіп: «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттары ҚР Білім және ғылым

министірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағида да көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігін айтты.

Комиссия мүшесі Қ.Еспенбетов: «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келеді. Сондықтан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қарсылығым жоқ.

Комиссия мүшесі М.Қарғабай: жоғарыда айтылған ұсыныстарға келісетіндігін айтты.

Комиссия төрағасы Н.Айдаров: жиынды қорытындылай келе барлық комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттарын қарап, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сай болуына орай «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы» 40 (қырық) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы айтып өтті.

 

Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Созақ ауданы, Жуантөбе ауылынан 40 (қырық) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін «Жаннұры» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттары ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сай болуына 40 (қырық) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілсін.

2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешімді интернет-ресурсқа жариялау білім бөлімінің әдіскері, комиссия хатшысы А.Смайловаға тапсырылсын.

 

Созақ ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы,

комиссия төрағасы Н.Айдаров

 

Хатшы А.Смайлова

 

Комиссия мүшелері Қ.Еспенбетов

 

Ғ.Жүсіп

 

М.Қарғабай

Дата публикации
27 ноября 2019