Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 8 ҚАУЛЫСЫ
Шолаққорған ауылы 2025 жылғы 4 маусым
Созақ ауданының Қаратау ауылдық округі
әкімініңсайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025
жылғы 13 шілдегеҚаратау ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталсын.
3.2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Қаратау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Sozaq uni» газетінде жариялансын.
Төраға Т.Бекқұлы
Хатшы Н.Қошқарбаев