Жуантөбе ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Жуантөбе ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2025 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2 125 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 444 638 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 356 804 гектар, оның ішінде егістік көлемі 332 гектар, жайлымдық көлемі 356 472 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бюджеті ірі қара саны 3 251 бас, қой мен ешкі 17 384 бас, жылқы 2 585 бас, түйе 2 531 бас құрайды.
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 32 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -27.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2025 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 32 360тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 62 771 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3932 теңге.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округінің
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округінің бюджетінің түсімдері және шығындары
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округі бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округі бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» №165 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы №
2025-2027 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
110 086 |
62 681 |
63 294 |
|
Салықтық түсімдер |
11 462 |
11 977 |
12 590 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
87 273 |
50 704 |
50 704 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
36 569 |
0 |
0 |
|
Субвенция |
50 704 |
50 704 |
59 596 |
|
Бюджет қаражаттарының бос қалдықтары |
11 351 |
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
110 086
|
62 681 |
63 294 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
69 175 |
54 798 |
56 272 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
0 |
0 |
0 |
|
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде: |
40 911 |
7 883 |
7 022 |
|
Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру |
14 159 |
4 622 |
4 622 |
|
Елдімекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
200 |
400 |
400 |
|
Елдімекендерді көркейту көгалдандыру |
26 552 |
2 861 |
2000 |
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2025 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 69 175,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар
кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2025 жылға көше жарықтарының электр энергиясы шығынына – 2 954,0 мың теңге, Жуантөбе ауылындағы атауы жоқ көшені жарықтандыру жұмыстары бойынша -11 205,0 мың теңге,елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша -200,0 мың теңге, көркейту-көгалдандыру бойынша – 26 552,0 мың теңге, барлығы 40 911,0 мың теңге қаржы қаралды.