Сайланған әкімді тіркеу туралы
СОЗАҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 4 мамырдағы отырысында Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ретінде:
1989 жылы туылған, Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлын тіркеді.