Созақауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 4 мамыр Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шолаққорған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 12731 азамат енгізілді, олардың 8760 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қожахметов Темирали Қалдыбекұлы – 855; Мауленов Акмал Файзуллаұлы – 488;Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы – 7380; «Барлығына қарсы» – 21.Жарамсыз – 16; Жойылған – 4099;
1989 жылы туылған, Созақ ауданы Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысыТӨЛЕПБЕРГЕНОВ ЖЕҢІСӘЛІ БАҚЫТЖАНҰЛЫШолаққорған ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы