Созақ ауданы Сызған ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 20 сәуір Созақ ауданы Сызған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Созақ ауданы Сызған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сызған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2022 азамат енгізілді, олардың 1355 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Санкибаев Жанболат Дуйсенбиевич. – 251; Жаппаркулов Базар Рахманбердиевич. – 1077; «Барлығына қарсы» – 27.
1982 жылы туылған, Созақ ауданы Сызған ауылдық округі әкімі аппараты ММ-сі, бас маман Жаппаркулов Базар Рахманбердиевич Сызған ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Созақ ауданы Қозмолдақ елді мекенінің тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы