Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шолаққорған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Шолаққорған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды 2025 жылғы 9 сәуірдегі  отырысында қарап:

 

1989 жылы туылған, Созақ ауданы Тасты ауылдық округі әкімі аппараты ММ-сі, ауыл шаруашылық жөніндегі бас маман. Созақ ауданы Қозмолдақ елді мекені тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, ҚОЖАХМЕТОВ ТЕМИРАЛИ ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ;

 

1980 жылы туылған, Созақ ауылдық округі әкімі аппараты ММ-сі  кеңесші, іс-басқарушы, Созақ ауданы, Созақ  ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, МАУЛЕНОВ АКМАЛ ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ;

 

1989 жылы туылған, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы. ОҚО Созақ ауданы, Шолаққорған  ауылының  тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ  ЖЕҢІСӘЛІ БАҚЫТЖАНҰЛЫ

Шолаққорған ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркеді.

Дата публикации
10 апреля 2025