Cозақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №154 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №154 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Созақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 18 763 819мың теңге:

салықтық түсімдер – 12 381 620 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 538мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

трансферттер түсімі – 4 678 661мың теңге;

2) шығындар – 23 978 098мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 36 184мың теңге:

бюджеттік кредиттер  – 76 674мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 40 490 мың теңге;

4) қаржы активтерімен  операциялар бойынша  сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 250 463мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             5 250 463мың теңге:

қарыздар түсімі – 76 674мың теңге;

қарыздарды өтеу – 40 490 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 214 279».

 

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімініңқосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық

мәслихатының төрағасы О.Жәмиев

 

Дата публикации
07 апреля 2025