26 наурыз 2025 жыл №3
Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімін
сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы және 22-бабы негізінде Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Шолаққорған сайлау округі Шолаққорған ауылдық округі шекарасында құрылсын.
2.Шолаққорған сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері (Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №5) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Sozak uni» газетінде жариялансын.
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Т.Бекқұлы
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Қошқарбаев