Созақ ауылдық округінің 2025 – 2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
( Ақпан айы )
Созақ ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Созақ ауылдық округінің
негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2025 жылдың 1 қаңтарына халық саны 10500 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 521716,97 гектарды құрайды оның ішінде орман шаруашылығы 111000,0 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік көлемі 5000,0 гектар, жайлымдық көлемі 368676,7 гектар, шабындық көлемі 323,3 га. оның ішінде,елдімекен жері 36716,97 га
Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 6378 бас, қой мен ешкі 30666 бас, жылқы 5804 бас,түйе 4193 бас, кұс 4193 бас құрайды
Кәсіпкерлік.Елді мекенде 4 ауыл шаруашылығы кооперативі, 196 шаруа қожалығы, 4 ЖШС жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -280.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жоқ.
2025 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 32320тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 62771 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 46228 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3932,0 теңге.
2025-2027 жылдарға арналған Созақ ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің 2025-2027 жылғы бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №165 шешімімен бекітілді.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
105693,0 |
113597,0 |
115028,0 |
|
Салықтық түсімдер |
59995,0 |
41840,0 |
43138,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
3720,0 |
3788,0 |
3921,0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
41978,0 |
67969,0 |
67969,0 |
|
Субвенция |
41978,0 |
67969,0 |
67969,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
0 |
0 |
0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
105693,0 |
113597,0 |
115028,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
86009,0 |
80491,0 |
80491,0 |
|
Бiлiм беру |
0 |
0 |
0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
19684,0 |
33106,0 |
34537,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
0 |
0 |
0 |
мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл ақпан |
2025 орында
|
Орындалуы + - |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
10943,0 |
9102,0 |
-1841,0 |
|
Салықтық түсімдер |
2550,0 |
498,0 |
-2052,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
350,0 |
561,0 |
+211,0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
8043,0 |
8043,0 |
0 |
|
Субвенция |
8043,0 |
8043,0 |
0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
0 |
0 |
0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
10943,0 |
10943,0 |
0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
10943,0 |
10943,0 |
0 |
|
Бiлiм беру |
0 |
0 |
0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
0 |
0 |
0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
0 |
0 |
0 |
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2025 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 86009,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2025 жылға 19684,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 1000,0 мың теңге, елді мекендерді жарықтандыру электр қуатына 18684,0 мың теңге қаралған.