12 наурыз 2025 жыл №2
Созақ ауданы Сызған ауылдық округі әкімінің
кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 20 сәуірге Сызған ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 13 наурыздан басталсын.
3.2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Сызған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы Созақ ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Sozak uni» газетінде жариялансын.
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Т.Бекқұлы
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Қошқарбаев