Құмкент ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (ақпан айы)

Құмкент ауылдық округінің2025-2027 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Құмкент ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2025 жылдың 1 ақпанына халық саны 3567 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 255109 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 27734,76 гектар, егістік көлемі 5229,98гектар, жайлымдық көлемі 20238,58 гектар.

Ауыл шаруашылығы.  Есепті мерзімде ауылдық округі бойынша 2184 бас  мүйізді ірі қара, 1066 бас жылқы, 28 бас түйе, 27800 бас қой-ешкі, 1400 бас құс өсірілуде.

Кәсіпкерлік.Ауыл әкімшілігіндегі ауыл шаруашылығы салаларының негізін – 78 адам  жұмыс істейтін «Құмкент» өндірістік кооперативі, 27 адам жұмыс істейтін «Ырыс Ынтымақ» өндірістік кооперативі, 50- адамнан құрылған «Қызылкөл» ЖШС, 4 адамнан құрылған «Созақ агроинновациясы» ЖШС, 65 – шаруа қожалықтарыжұмыс істейді.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  32 360 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 62 771теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 46228теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 932теңге.

 

 

 

 

 

 

2025-2027 жылдарға арналған Құмкент ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» ҚазақстанРеспубликасы Заңына сәйкес, 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсанағы №165 шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

94815

95 200

95326

Салықтық түсімдер

14 899

15 284

15 410

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

79 916

0

0

Субвенция

79 916

79 916

79 916

Ағымдағы мақсатты трансферттер

0

0

0

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

 

 

 

Шығындар, оның ішінде:

94 815

95 200

95 326

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

85915

86 300

86 426

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8 900

8 900

8 900

 

 

 

 

 

 

2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2025 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына85 915,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

Бұл сала бойынша 2025 жылға 8900,0мың теңге қаралған.Атап айтқанда,

елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға  8700,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 200,0 мың теңге қаралған.

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2025