Созақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №20 «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Созақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №20 «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5337 тіркелген, 2020 жылдың 05 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынандай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «№697 сайлау учаскесі, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекені, А.Сайлаубекұлы көшесі, №7 ғимараты, ауылдық клуб» деген сөздер, «№697 сайлау учаскесі, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекені, А.Сайлаубекұлы көшесі, нөмерсіз ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен алмастырылсын.

2. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет Министрілігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.

 

 

 

 

 

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Созақ ауданының әкімі С.Полатов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Созақ аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

_____________ Ә.Сахиұлы

«____»________ 2020 жыл

Дата публикации
04 октября 2020