Жуантөбе ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті қазан айы

Жуантөбе ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің шығыстары.

 

 

Жуантөбе ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2 114 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің  жалпы жер көлемі 444 638 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 356 804 гектар, оның ішінде егістік көлемі 332 гектар, жайлымдық көлемі 356 472 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бюджеті ірі қара саны 4015 бас, қой мен ешкі 18900 бас, жылқы 2785 бас, түйе 2690 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 33 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -27.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

 

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 28215 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 57853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3692 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округінің

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

   Ауылдық округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округі бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» №80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 30.04.2024 жылғы №111 шешімімен бекітілді.

 

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

83 520

66 674

66 922

Салықтық түсімдер

6 740

7 708

7 326

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

76 780

59 596

59 596

Ағымдағы мақсатты трансферттер

17 184

0

0

Субвенция

59 596

59 596

59 596

Шығындар, оның ішінде:

83 520

66 674

66 922

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

56 379

53 192

53 192

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2 830,0

0

0

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

   27 393

13 482

13 730

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

12944

12944

12944

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

200

200

200

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

14 249

338

586

 

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2024 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 56 379,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар

кіреді.

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

 

Жуантөбе ауылындағы көшелердегі көше жарығының  күйген,сынған,жарамсыз болып қалған  шамдарын ауыстырып  отыру жұмыстарын  жүргізу  ушін  көтергіш  SZKABDI  220V/50HZ (желіден) 125 кг 10 м(N) сатып алуға  2830,0 мың  теңге қаржы жұмсалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

         Бұл сала бойынша 2024 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 9990,0 мың теңге,көше жарықтарының электр энергиясы шығынына -2 954,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша -200,0 мың теңге, елдімекендерді көркейту бағдарламасы бойынша Жуантөбе ауылындағы шағын балалар футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін -14 249,0 мың теңге барлығы  27 393,0 мың теңге қаржы қаралды.

 

Дата публикации
27 декабря 2024