Созақ ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ( Желтоқсан айы )

 Созақ  ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Созақ  ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны  10660  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 521716,97 гектарды құрайды оның  ішінде орман шаруашылығы 111000,0 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы  егістік көлемі 5000,0 гектар, жайлымдық көлемі 368676,7  гектар, шабындық көлемі 323,3 га. оның ішінде,елдімекен жері 36716,97 га

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 6970 бас, қой мен ешкі 45769 бас, жылқы 6048 бас,түйе 4118 бас, кұс 4939 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі, 190 шаруа қожалығы, 4 ЖШС жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -135.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

           2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 28215тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 57853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3692,0 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған Созақ ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық  округінің  2024-2026 жылғы бюджеті  Созақ аудандық  мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №80 шешімімен  бекітіліп,  Созақ  аудандық  мәслихатының  2024 жылғы  30 сәуірдегі  №111 шешімімен,    Созақ  аудандық  мәслихатының  2024 жылғы  19 қыркүйектегі  №135  шешімімен өзгерістер  еңгізіліп  және    Созақ  аудандық  мәслихатының  2024 жылғы  22  қарашадағы  №151  шешімімен өзгерістер  еңгізілді.

 

 

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

142731,0

113597,0

115028,0

Салықтық түсімдер

58535,0

41840,0

43138,0

Салықтық емес түсiмдер

3608,0

3788,0

3921,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

80588,0

67969,0

67969,0

Субвенция

67969,0

67969,0

67969,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

12619.0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

154534,0

113597,0

115028,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

89334,0

80491,0

80491,0

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

65200,0

33106,0

34537,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0

0

0

мың теңге

Атауы

2024 жыл

желтоқсан

 

 2024

орында

 

Орындалуы

+

-

1. Кірістер, оның ішінде:

20072,0

9870,0

-10202

Салықтық түсімдер

18313,0

7090,0

-11223

Салықтық емес түсiмдер

300,0

1321,0

+1021

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

1459,0

1459,0

0

    Ағымдағы нысаналы трансферттер

199,0

199,0

0

    Субвенция

1260,0

1260,0

0

Шығындар, оның ішінде:

20072,0

20072,0

0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

5725,0

5725,0

0

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

14347,0

14347,0

0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0

0

0

 

 

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған  2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2024 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 89334,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек,  коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

         Бұл сала бойынша 2024 жылға  65200,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 2150,0 мың теңге, елді  мекендерді  жарықтандыруға  56050,0 мың  теңге, абаттандыру  және  көгалдандыру  жұмыстарына  7000,0 мың  теңге  қаралған.

 

Дата публикации
27 декабря 2024