Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

24.12.2024 жылы Созақ ауданы әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы төрағалық етіп, мәжіліске Созақ ауданы полиция бөлімі, Созақ ауданының орталық ауруханасы, Созақ ауданының білім бөлімі, Созақ ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтері мен кенттер әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе талқыланды:
Бірінші мәселе - Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы
бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарып жатқан жұмыстар туралы.
Екінші мәселе - Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Үшінші мәселе - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Мәжілісте аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшыларының және Құмкент, Жартытөбе ауылдық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бағытында ұсыныстар беріліп, мәселелер көтерілді.
Мәжіліс отырысында аудан әкімі елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп.
Комиссия отырысын қорытындылай келе: жауапты бөлім басшыларына, ауылдық округтері мен кенттер әкімдеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жолын кесу және алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңдарды, ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
27 декабря 2024