«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді

 

«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді

 

Fingramota.kz Pay Day Loan (PDL) қарыздарын немесе «жалақыға дейінгі кредиттер» деп аталатын қарыздарды беру талаптарындағы өзгерістер туралы айтып береді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нормативтік акті қабылдады, оған сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне және шартты және оның бірінші бетін ресімдеуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі.

 

 

«Жалақыға дейінгі» кредиттердің клиенттері кім және ол қалай жұмыс істейді?

 

PDL-микрокредиттер бүкіл әлемде, дамыған және дамушы елдерде жұмыс істейді. Олар шұғыл қажеттіліктерге қаражат жетіспеген, қысқа мерзімге аз ақша қажет болған, бірақ достар мен туыстардан қарызға ақша алғыңыз келмеген кезде алынады. Мұндай кредиттерді ресми түрде жалақы алатындар пайдалана бермейді. Бұған өз кірістерін заңдастыра алмай жүрген немесе оны білмейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және табысы төмен адамдар және тұрақты зейнетақы жарналарын аудармайтындар кіреді. Мысалы: такси жүргізушілері, сатушылар, жүк тасымалдаушылар, тамақ жеткізушілер, ауыл тұрғындары және т.б. Көбіне оларға ресми кірістерінің болмауына немесе кредит тарихының бұзылуына байланысты банктен кредит алу қиын.

Банктердің кредиттерінен айырмашылығы –«жалақыға дейінгі»кредиттер, әдетте, қысқа мерзімге – 45 күнге дейінгі мерзімге, өтеу кестесі жасалмай беріледі. Яғни, қарыз мерзімінің соңында оны есептелген пайызымен бірге толығымен қайтару қажет.

 

Барлығы неден басталды?

 

PDL-микрокредиттер немесе «жалақыға дейін» онлайн-қарыздар Қазақстанда ресми және заңды түрде 2020 жылы, барлық микроқаржы ұйымдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу аясына кірген кезде жұмыс істей бастады.

2020 жылғы шілдеден бастап халыққа кәсіби негізде кредит беруге есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарына ғана рұқсат етілді. Бұл аяға «жалақыға дейінгі» онлайн-қарыздар секторының компаниялары да кірді. Тіркеу және есепке алу процесі 2021 жылғы наурызда аяқталды және осы сәттен бастап оларды қаржы ұйымдары ретінде ресми түрде танылды. Бірақ мұндай компаниялардың саны екі есе азайды, бірнеше жүз ойыншы бірден нарықтан кетті. Оған микроқаржы нарығындағы заңнаманыңкүшейтілуі және кредит мөлшерлемесін шектеу себеп болды.

«Жалақыға дейінгі» онлайн-кредиттер нарығы қалай реттелді?

 

2020жылданбастапқарыздар бойынша сыйақыныңшектімөлшерлемесібіртіндеп –30%-дан25%-ға дейін,соданкейін20%-ға дейін төмендеді,бірақкүніне1%-дан аспайды.Мысалы,қарыз20күнмерзімгекүніне1%сыйақымөлшерлемесімен100мыңтеңгеніқұрайды.БұлжағдайдаМҚҰ20мыңтеңгесыйақыалады.Бірақегерадам қарызды 30күнге алса,МҚҰ дәл сол 20 мың теңге болатын сыйақыалады, себебі бұлзаңнамалық түрде белгіленгеншек.

2022жылы50АЕК-ке дейін және45күнгедейінмерзімге берілетін микрокредит бойынша артық төлемнің шектімөлшеріекіесеге – микрокредит сомасынан100%-дан50%-ға дейінзаңнамалықдеңгейдетөмендетілді.

Бұл ретте ең жоғарыөсімпұлнемесеайыпақы күніне мерзімі өткен берешексомасының0,5%-ын құрады.Ал90күнкешіктірілгенненкейінМҚҰ-ғапайыздарды(сыйақыны), айыпақыны жәнекомиссиялардыесептеугетыйым салынады.

Мысалы,егермикрокредит153150теңгесомасына берілсе,онданегізгікезеңүшінсыйақы бойынша артық төлем және мерзімін ұзартуды,сондай-ақ кешіктірусебебіненесептелгенөсімпұлдарды(айыппұлдарды)ескереотырып,ең көбі 76575теңгені құрайды.

 

Қандай өзгерістер болды?

 

Биыл 20тамызданбастапАгенттікпенҰлттықБанк Басқармасының бірлескенқаулысыкүшіне енді, онда «жалақығадейінгі»кредиттер бойынша жылдықтиімдісыйақымөлшерлемесініңшектімәнібелгіленді – күніне0,3%,бірақжылдық179%-дан аспайды.Егербұрын ай сайынғытөлемдердіжәне/немесеқарыз бойынша сыйақыныбұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың,өсімпұлдың)мөлшері мерзімі өткенәрбіркүн үшін орындалмаған міндеттемесомасының0,5%-ынан аспаса,ендіайыпақы(айыппұлдың,өсімпұлдың)мөлшерікүніне0,3%-дан аспауытиіс.

Бұлнорма45күнгедейінгімерзімге, 45АЕК-тен(2024жылы166140теңге)аспайтынжәне2024жылғы20тамызданбастапресімделген мөлшерде қарызшарттарынақатысты қолданылады.

Бұданбасқа,мұндаймикрокредиттер бойынша микрокредиттерге берілген соманың50%-ымөлшеріндеартық төлемнің жалпысомасыбойыншаталапсақталды.

Қолданыстағынемесежақсартатынталаптармен микрокредит шартының қолданыс мерзімін күнтізбелік90 күннен аспайтынмерзімгеұлғайтуғажол беріледі.

 

Микрокредит туралы шартта не болуға тиіс?

 

Біріншібетінде қорытындыныңкүні,ұйымның атауы және қарыз алушы – жеке тұлғаның (қосалқы қарыз алушының)тегі,атыжәнеәкесінің аты (барболса)немесеқарыз алушы – заңды тұлғаның (қосалқы қарыз алушының) атауы, микрокредиттің жалпысомасы,микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредиттіпайдаланумақсатытуралымәліметтер(барболса) болуы тиіс.

Әрі қарай шартта микрокредитті өтеу мерзімдері, ал кредит желісін ашу туралы келісімде шарттың жалпы мерзімі көрсетіледі.

Сондай-ақ құжат жылдық пайыздар арқылы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі туралы ақпаратты, сонымен бірге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құнының) көлемін қамтуға тиіс.

Шартта микрокредитті өтеу тәсілі (біржолғы не бірнеше бөлікпен,  қолма-қол ақшамен - касса не электрондық терминалдар арқылы, қолма-қол ақшасыз тәсілді пайдаланған кезде - ұйымның банктік шотының деректемелерін көрсете отырып), микрокредитті өтеу әдісі (аннуитеттік, сараланған немесе микрокредит беру қағидаларына сәйкес басқа әдіс), микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі, негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есептеу тәртібі мен мөлшері,  шарттың қолданыс мерзімі де көрсетілуі керек.

Сондай-ақ, шартта қарыз алушы микрокредит шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде МҚҰ қабылдайтын шаралар жазып көрсетіледі.

Құжат қарыз алушының құқықтарын және МҚҰ-ның міндеттерін анықтайды.

 

Жалақыға дейін қалай микрокредитсіз өмір сүруге болады?

 

  1. Үнемдеуді үйрену қажет. Бұл жерде мәселе жаңа заттар, жаңа гаджеттер сатып алмау керек деген сөз емес, мәселе – қажеттілік болмаса, артық ақша жұмсамау жайлы.
  2. Шамаңа қарай өмір сүру. Қоғамда туындап отырған стереотиптерге сәйкес болуға тырыспаңыз. Тұтынушылар әрбір қаржы өнімінің не үшін қажет екенін ажырата алуы тиіс. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотекалық кредит бар, көлік сатып алу үшін автокредитті пайдалануға болады, техниканы бөліп төлеу арқылы сатып алған дұрыс. Әрбір өнімнің белгілі бір нысаналы мақсаты болады.

Микрокредиттер ұзақ мерзімді қажеттіліктерге арналмаған, ешқандай жағдайда бір кредит алып, оны жабу үшін тағы бір кредит ресімдеудің қажеті жоқ.

МҚҰ таңдаған кезде алаяқтарға тап болмау үшін: 

- міндетті түрде лицензияны тексеру қажет.  Кез келген компанияның сайтында лицензияның деректемелері, нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

-  ұйымның МҚҰ қауымдастығында бар немесе жоқ екенін тексеріп алған жөн.

-  клиенттердің пікірлерін тексеріңіз.

Ең бастысы, мерзімді кешіктіргеніңіз үшін айыппұл төлемеу үшін уақтылы төлем жасап отыру қажет. 

         

Өзіңізді, жақындарыңызды қорғаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

 

 

 

Дата публикации
09 декабря 2024