Созақ ауданының әкімі М.С.Тұрысбековтың 2024-2027 жылдарға арналған сайлау алды бағдарламасының ІС-ШАРАСЫ

 

 

Созақ ауданының әкімі М.С.Тұрысбековтың 2024-2027 жылдарға арналған сайлау алды бағдарламасының

ІС-ШАРАСЫ

 

Қ/с

Іс-шара атауы

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

1

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірістік копперативтерін құрып, жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етемін

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірістік копперативтерін құрып, жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету.

1.1. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие  бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.   

 

1.1. 2024-2027 жж.

 

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

 

 

 

Орындалу үстінде:

2023 жылдың қорытындысымен «Ауыл аманаты» жобасына                  277 жоба тапсырылып,               210 жоба 1 млрд. 169 млн.  410 мың  теңгеге несие алынды.

2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылып, қатысқалы отыр. Бүгінгі таңға Қарақұр ауыл округінен «Ran Agro», Сызған ауыл округінен «Қайнар 1»,                  Шолаққорған ауыл округінен «Игібай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ашылды. Несие қаржы алуға Сызған ауыл округінен «Қайнар 1» АӨК құжаттары «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-не құжаттары өтті. Қарақұр ауыл округінен «Ran Agro» АӨК-і құжаттары әзірленуде.

 

 

 

2

«Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыс жасаймын.

 

2.1. Аудан аумағында игерілмей жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару

2024-2027 жж.

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

 

Ауылдық округтері мен кенттері әкімдері

жерлерді мемлекет меншігіне қайтару

Орындалу үстінде:

«Жер аманаты» жобасы аясында 2024 жылы жоспарға сәйкес жайылымдық жерді ортақ пайдаланымдағы жайылымдарға қайтару бойынша, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 15,0 мың гектар жер учаскесінің ішінен 8 471 гектары, яғни 56,5% мемлекет меншігіне қайтарылды

Инфрақұрылым саласы бойынша

3

Ақшам, Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етемін

3.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

3.2. Орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстарының құрылысынжүргізу.

 

3.3. Ақшам, Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.

3.1. 2024 ж.

 

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды:

«Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмысына 2022 жылға                  51,0 млн.тг 2023 жылы бюджеттен  1 млрд.  425 млн. 235 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабылданып пайдалануға берілді.

4

Созақ ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету

4. Созақ ауданындағы тұрғындарын табиғи газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау.

4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

4.2. Газ тарту құрылысын жүргізу.

4.3. Ауданға табиғи газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау. 

 

2023-2024 жж.

 

4.1. 27.07.2023 ж.

 

4.2. 01.09.2023 ж.

 

4.3. 01.11.2024 ж.

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде

Газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін.

23.01.2019 жылы Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, 06.03.2019 жылы мердігер анықталған.

Тапсырыс беруші Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен мердігер «StroyGazCompany» жауапкершілгі шектеулі серіктестігі арасында 15.04.2019 жылы мемлекеттік сатып алу туралы №13 келісім шарт түзілген.

Газ құбырының ұзындығы - 43,809 шақырым.

Өткізу мүмкіндігі – 30,0 тыс. нм3/сағ

Сметалық құны – 4 110 002,0 мың.теңге

 «Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» - 15.04.2019 жылы №13 келісім шарт түзілген.

2019-2022 жылдар аралығында 2 413 255,0 мың.тг қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген, электр бағаналары орнатылып, электр желілері жүргізілді. Газды қабылдау құрылғысы (УПОУ) орнатылып, АГТС  қондырғыларының орындары дайындалып қоршалған. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылып, ВОЛЬС кабельдері жүргізілді.

     2024 жылға қосымша келісім шарт түзіліп, АГТС қондырғыларының 6 данасы орнатылып, қалған қондырғылар дайындалып тасымалдануда. Қондырғыларды монтаждау жұмыстары басталған.

 

5

Шолаққорған мен Созақ ауылын байланыстыратын автокөлік жолының тозығы жетуіне байланысты күрделі жолға асфальт төсеуге жұмыс жасаймын

5. Шолаққорған мен Созақ ауылын байланыстыратын автокөлік жолының тозығы жетуіне байланысты күрделі жолға асфальт төсеу.

5.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

5.2. Асфальт салу жұмыстарын аяқтау. 

 

2024 ж.

 

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды

Облыстық маңызы бар  «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Таукентке дейінгі 181-214 шқ (конкурстық құны 1 143 211,0 мың теңге) аралық жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «Нұр Строй ЛТД» ЖШС-і жеңімпаз деп танылған. Нысан 2023 жылға пайдалануға берілген.

«КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Таукент-Созақ-Ыбырай елді мекені аралығындағы 131-181 шқ бірінші қабатына асфальт жабындысы төселіп, ағымдағы жылғы қыркүйек айында пайдалануға берілді.

6

Балдысу елдімекеніне ауыз су құбырын тартамын

 

Балдысу елді мекеніне ауыз су құбырының құрылысын жүргізу.

   6.1. ЖСҚ әзірлеу және мем.сараптамасын алу.

 

  6.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

6.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

2023-2024 жж.

 

6.1.  2023 ж.

 

6.2. 2023-2024 жж.

 

6.3. 2023-2024 жж.

 

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде

Балдысу елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың қазан айынан басталған, бөлінген қаржыға байланысты ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Спорт саласы бойынша

7

Шолаққорған ауылында заман талабына сай спорт кешенін  салу

Спорт кешенінің құрылысын жүргізу.

7.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

7.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

2023-2024 жж.

 

7.1. 2023 ж.

 

7.2. 2023-2024 жж.

 

 

Қаржы бөлінуін қарастыру

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде

 Шолаққорған ауылындағы спорт, сауықтыру кешенінің құрылысына 2023 жылға 300 млн. теңге бөлінген. 2024 жылға 1 млрд. тг қарастырылып, нысанның қабырғалары көтерілген, төбесін жабу жұмыстары сонымен қатар, ішкі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жыл басынан Ұлттық қордың қаржысы кешігіп түсуіне байланысты, нысан 2025 жылға өтпелі.

Білім саласы бойынша

8

1962 жылы салынған аудан орталығындағы «Ы.Алтынсарин» атындағы ЖОМ-ң орынына «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында 900 орындық мектеп салынуына жұмыс жасау 

8.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

 

8.2.  Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

8.1. 2023 ж.

 

8.2. 2024-2025жж.

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудандық білім бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде:

Ы.Алтынсарин» атындағы ЖОМ-ң орынына «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында 900 орындық мектеп салынуына 6 724,0 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда ғимарат толық көтеріліп, төбесін жабу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, терезелері орнатылған. Қасбет, ішкі әрлеу және сыртқы жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін мектепті  пайдалануға беру жоспарлануда.

Әлеуметтік сала бойынша

9

«Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын кемінде 60 грант бере отырып, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру

9.1. Жастарды қолдау мақсатында кәсіпке үйрету.

 

9.2. Жоба аясында ақпараттық жұмыстар жүргізу.

 

 

9.1. 2024-2027 жж.

9.2. 2024-2027 жж.

 

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудандық «Мансап» орталығы

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Ақпараттық қамсыздандыру

Орындалды

2024 жылы 74 азаматқа өтеусіз гранттық қаржыландыру беріліп, бизнес жоспардағы жобаларын іске асыруда.

10

Аудандағы жұмыс беруші мекемлермен (ШҚ, ЖК. ЖШС және т.б.) келісімшарт жасау арқылы 250 жұмыссыз жасты жұмыспен қамту

10.1. Жоба аясында ақпараттық жұмыстар жүргізу

 

10.2. Жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту

10.1. 2024-2027 жж.

 

10.2. 2024-2027 жж.

 

Созақ

ауданының

әкімдігі

 

Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

 

Аудандық «Мансап» орталығы

Ақпараттық қамсыздандыру

Орындалу үстінде:

2024 жылдың 8 айдың қорытындысымен «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 805 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына орналасты (жылдық жоспар 1278). Оның ішінде – 361 адам жастар.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына 1197 адам жолданды. Оның ішінде: жастар практикасына – 116 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 50 адам, қоғамдық жұмыстарға – 214 адам, алғашқы жұмыс орнына – 49 адам жолданды.

 

  

Созақ ауданының әкімі                                                 М.Тұрысбеков

Дата публикации
07 ноября 2024