Қаратау ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (тамыз айы)

 Қаратау ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қаратау ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны –2 171  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 605,1 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 30,213 гектар, егістік көлемі 332 гектар, жайлымдық көлемі 604,383 гектар.

Ауыл шаруашылығы.  Ауылдық округте ірі қара саны 2 730 бас, қой мен ешкі 16 088 бас, жылқы 1 769 бас, түйе 1 383 бас, кұс 2 485 бас құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 30 ауыл шаруашылығы кооперативі, 26 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны –11.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

                      2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері –85 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –28 215 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері –57 853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы –43 407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  –3 692 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған Қаратау ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

        Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

         Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы №80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 30.04.2024 жылы №111 шешімімен бекітілді.

 

2024-2026  жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

 

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Кірістер

79 711

73 003

77 383

Салықтық түсімдер

48 335

51 112

52 901

Салықтық емес түсiмдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

31 376

21 891

24 482

Субвенция

27 841

21 891

24 482

Ағымдағы мақсатты трансферттер

3 535

0

0

Шығындар

86 777

73 003

77 383

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

66 329

55 540

55 540

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

17 318

17 463

21 843

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

3 130

0

0

 

 

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2024 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

–69 459,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу.

мекеме қажеттілігіне түрлі-түсті принтер сатып алуға;

Қаратау ауылындағы көшелерді, Саржаз, Ақсүмбе елді мекендердегі  көше жарығының  күйген, сынған, жарамсыз болып қалған шамдарын ауыстырып  отыру жұмыстарын  жүргізу  үшін көтергіш  SZKABDI  220V/50HZ (желіден) 125 кг 10 м(N) сатып алуға;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

    Бұл сала бойынша 2024 жылға  –17 318,0 мың теңге қаралған.

атап айтқанда:

елді мекендегі көшелерді жарықтандыру жұмыстарына –16 518,0 мың теңге;

(Ақсүмбе,Саржаз көшелері ұзындығы  –1700 метрден), елді мекендегі көшелерді

ауылындағы көшелердің,  Саржаз, Ақсүмбе елдімекендердегі көше жарығының  күйген, сынған, жарамсыз болып қалған шамдарын ауыстырып  отыру жұмыстарын  жүргізуге;

елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету шығындарына  –200,0 мың теңге қаралған.

елді мекенді көгалдандыру және аббаттандыруға  Қазақстан, Шоланбайұлы, Жиенбет Батыр, Абай, Тұяқбаев, Қалмырзаұлы, Станбекұлы, Шерязданов көшелеріне, Ақсүмбе е/м, Саржаз е/м –600,0 мың теңге қаралған.

 

Дата публикации
01 октября 2024