2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы

2024 жылғы  6  қазанға тағайындалған республикалық референдум  

құжаттарының  нысандарын белгілеу туралы 

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңының 21-бабы  1-тармағының  1) және  7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Республикалық референдумды  өткізу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:

1) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі                       (1-қосымша); 

2) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны туралы хабарламасы (2-қосымша); 

3) шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (3-қосымша);

3) шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (3-қосымша);

4) учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);

5) дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);

6) дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);

7) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (7-қосымша);

8) Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (8-қосымша);

  1. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. 

Қосымша....

 

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


М. Ерман

 

Астана қаласы

2024 жылғы 3 қыркүйек

№ 38/43

 

Дата публикации
05 сентября 2024