«AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ТҰРЫСБЕКОВ МҰХИТ СЕКСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ТҰРЫСБЕКОВ МҰХИТ СЕКСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Елдің аманатын арқалап,

халыққа қызмет ету-парызым!

 

Құрметті Созақ ауданының сайлаушылары!

 

Халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуының нақты көрінісі болатын алдағы науқан – аудан әкімдері сайлауы елді біріктіретін, қоғам болып қозғалып, тәуелсіз мемлекетіміздің нығайуына жол ашатын жаңа бастама. Бағдары айқын, елдік мүддеден туған, жаңашылдықпен үндескен осы жолды жаңғыртуға мен де өз үлесімді қосуға бекіндім.

Кіндік қаным тамған Созақ ауданына қызметке келмес бұрын мамандығыма сай түрлі салаларда қызмет атқардым. Еңбек жолымды Шымкент қаласында «Чимкентсельхозстроймонтаж» тресінде қарапайым жұмысшыдан бастадым, ұзақ жылдар ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде қызметтің барлық сатыларынан өттім, Шымкент, Петропавл қалаларында еңбек еттім. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының әкімі болдым. Түркістан облысының Құрылыс сәулет бақылау басқармасына басшылық жасадым. Қайда жүрсем де, қандай қызмет атқарсам да халық үшін адал еңбек етуді қасиетті борышым деп санадым. Бұл – әке қанымен, ана сүтімен берілген, олардың тәрбиесімен сіңген ұстанымым. 

Сондықтан да, қызметте адал, қандай ортада болмасын қарапайым болу қажет деп есептеймін. Қиналғанға қол үшін созу, жабыққанға демеу болу әкім болудан емес- адам болудан, - деп өмір сүріп келемін.

Осы жолғы сайлауға ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ахуалын арттыруға бағытталған нақты жұмыстарды саралап түсіп отырмын. Өйткені ауданымыздағы түрлі салаларды дамыту жолдары мен өзекті мәселелерді толық білемін. Жоспарлаған жұмыстарымды сіздермен бірге жүзеге асыратын боламын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАБЫСТЫ АРТТЫРУ

Созақ ауданының әл-ахуалының жоғары болуына тікелей ықпал еткен ауданның жерасты байлығын өндіруші кәсіпорындар табысы болғаны анық. Алайда, аудандағы мал шаруашылығына қолайлы табиғи жағдай халықтың тұрмысын арттыруға мол мүмкіндік береді. Осы мақсатта ауылшаруашылығын дамытубойынша:

  • Ауылшаруашылық саласының айналымға тартылған жерлерінің үлесін көбейту қажет деп санаймын. Ауданда жайылымдық жер жеткілікті. Ендігі кезекте егістік жер көлемін 2 есеге ұлғайтуға жұмыс жасалады.
  • Ауыспалы егістің көлемін 3,5%-ға;
  • Агроөнеркәсіптік кешенге ылғал үнемдеу технологиясын енгізуді 460 гектарға жеткізугежұмыс жасауды міндетіме аламын.
  • Ауылшаруашылықтехникаларын жаңартуға басымдық беріледі.
  • Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемін кезең-кезеңімен 40%-ға дейін өсіруге ықпал етемін.
  • Шағын бордақылау алаңдарын көбейтуге мүмкіндігіміз жеткілікті. Жылына 10-15 басқа арналған шағын бордақылау алаңдарын 30-40 адам ашып, кәсіп жасауына ықпал етемін.
  • «Жер аманаты» жобасы аясында 92 мың гектар игерілмей жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыс жасаймын.
  • «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие алу жолдарын халыққа кеңінен түсіндіру арқылы жыл сайын 200-ден аса отбасының микрокредит алып, кәсіп ашуына көмек беретін боламын.

Сонымен қатар,Сапалы жұмыс орындарын құруда уақытталабы.

Сол үшін:

  • «Созак ОйлЭндГаз» АҚ табиғи газ өндіру жобасын іске асыруға;
  • Ауданнан күкірт қышқылын өндіру зауытын салуға;
  • Жылына 2000 тонна минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын салуға күш саламын.

Бұл зауаттарды іске қосу арқылы мыңға жуық азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

  • «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға айрықша ден қойылады.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл сайын 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасаймын.
  • Жастар практикасы аясында жылына 350 адамды жұмыспен қамту жобаланып отыр.
  • «Алғашқы жұмыс орны» жобасыда да белсенді қолға алынады.
  • Қоғамдық жұмыс орындарына жылына 500-ге жуықадамды тартуды қалыптастырамыз.
  • «Күміс жас» жобасына жыл сайын зейнеталды жасқа дейінгі 50-ге жуықазаматты жұмыспен қамтуғаүлес қосамыз.
  • «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне жыл сайын 130 адамды оқытуға мүмкіндік беріледі.

 

         Осылайшакәсіпкерлерді қолдау шараларын қолға аламын.

 

Шағын және орта бизнес экономикалық даму қарқыны мен нәтижелі жұмыспен қамту деңгейін анықтайтын жетекші сектор болып табылады.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдарын белсенді пайдалану және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жұмыс жасау арқылы бизнес жүргізу жұмыстарын белсене атқарамын.

               Бұл мақсатта:

  • Алдағы мерзімде67кәсіпкерге қолдау көрсетуді;
  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жыл сайын80-ге жуық жаңа бизнес-идеяларды қолдауға гранттар (400 АЕК) бөлуге атсалысамын.

Нәтижесінде  аудан экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 25,5%-ға дейін артады.

 

Оның ішіндежастарүшін мүмкіндіктеркөбейюіне көңіл бөлемін.

Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғамның белсенді бөлшегінің бірі – жастар. Жастар жұмыссыздығы қоғамда тұрақты орын алатын заңды құбылыс, дегенмен,онымен күресу мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі.

Сондықтан да, жастарға ерекше көңіл бөліп, жыл сайын жазғы кезеңге «Жасыл ел» еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы 500-ге жуық  жастыжұмысқа тартуға;

  • Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іс-шаралар санын арттыруға көңіл бөлемін.

Жастар «Жасыл ел», «ӨрлеуQaisar», «Бизнес-бастау», «TazaLike» бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарына атсалысып, еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналады.

 

Ауданның бюджетіндегі табысты арттырудың тағы бір жолы -туризмді дамыту.

Ол үшін, Созақ ауданындағы тарихи орындарды қайта насихаттап, айналасын өздеріңізбен бірлесе ретке келтіріп, туризмді дамыту жұмыстарын нақты істермен көрсетуге тиіспіз. Тарихи орындарды құжаттандыру істерін қолға алып, инфрақұрылым апару мәселелеріне демеушілер назарын аудару жұмыстарын жасаймын.

Созақ ауданына келген туристерге қызмет көрсетуге бағытталған заманауи қонақ үйсалынуына ықпал етемін.

  • Туристік брендті дамыту және аймақтың туристік өнімдерін ілгерілетуге үлес қосамын.

 

  1. ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ

 

        Алдымен сапалы білім беру үшін жағдай жасауға тиіспіз.

        Тәуелсіздік жылдарында Созақ ауданындағы мектептердің көпшілігі заманауи үлгіде салынды. Алайда, Ыбырай елді мекеніндегі Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі мен Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі шәкірттеріне ескі ғимараттарда білім беріп келді. Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің 200 орынға арналған ғимарат құрылысы биыл аяқталады.

        Ал, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қолға алынған «Жайлы мектеп» бағдарламасымен бой көтереді. Бұл уақат талабы. Сондықтан да, білім саласындағы жаңашылдықтарды ескере отырып:

        Алдағы жылдары мұғалімдерді қайта даярлауғажағдай жасаймын.

  • Оқушылардың қашықтан білім алуына, мобильді интернет пен видео стримингтік платформалардыңқалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлінуіне атсалысамын.
  • «Ауыл – елбесігі» арнайы жобасы аясында мектептердікезең кезеңімен күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен қаржы бөлдіремін.
  • Мектептердіфизика, химия, биология, STEAMпәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілуін 92%-ғажеткізуге ықпал жасалады.
  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуғаықпал етемін.

 

Сондай-ақ, сапалы медицинағақолжетімділікті арттыруды қадағалайтын боламын.

Орталық аурухананың қазіргі ахуалы бойынша тұрғындар тарапынан жиі сын айтылады. Жедел жәрдем қызметіндегі жетіспеушіліктер мен дәрігер тапшылығы бойынша мәселелер маған таныс. Сіздердің талап тілектеріңізді ескере отырып:

  • Медициналық мекемелер ғимараттарының талапқа сай жұмыс істеуі үшін жұмыс жасауға;
  • Қажеттіліктеріне сай жедел -жәрдем көлігімен қамтамасыз етуге;
  • Білікті дәрігерлердің келуіне қолдау шараларын ұйымдастыруға;
  • Тұрғындар үшін дәрі-дәрмектің қолжетімді болуын қадағалауға;
  • Санитарлық-эпидемиялық қызметті күшейтуге, онлайн-медицинаны дамытуға, диагностика және емдеу тәжірибесіне жаңа жоғары технологиялық әдістерді енгізуге жағдай жасаймын.

 

        Келесі маңызды сала мәдениет саласы.

        Созақ ежелден-ақ өнерге кенде емес. Сондықтанда болар заңғар жазушы М.Әуезовтен «... Созаққа барсаң күйшімін деме» -деген сөз қалған. Мемлекетіміздің табысты дамуының негізі, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісмнің бастауы саналатын мәдениет саласы әрқашан назарда.

        Бұл саланы дамыту«Ұлттық мұра» жобасы аясында мемлекеттік тілдің танымалдығын арттыру, облыстың көрнекті тумаларының мұрасын насихаттау, тарихи-мәдени ескерткіштерімізге экспедициялар жасау бағытында жұмыстар жүретін болады.        

  • Қасиетті және маңызды орындарға өлкетану экспедицияларын өткізу, ауданныңкиелі жерлерін (Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, Ысқақ баб кесенесі,)абаттандыруға ықпал етемін.
  • Созақтан шыққан талантты тұлғалардың еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау жұмыстарын жалғастыра береміз;
  • Жыл сайын «Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу» бағытындағы шараларды өткізуге атсалысамын;
  • Нәтижесінде қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыру жобалары жүзеге асады.

 

         Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуғаайрықша көңіл бөлеміз.

Қазірдің өзінде Қаратау ауылынан демеушілер қаржысына жабық спорт кешені салынды. Осындай жұмыстарды жылда спорттық кешені жоқ ауылдарға салуды ұйымдастыруды жолға қоямын.

  • Созақ ауылынан орталық стадион құрылысы жасалды.
  • Аудан орталығынан 1000 орындық зәулім спорт кешені құрылысы бой көтеруде.
  • Алдағы уақытта 4 денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын салуға бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал етемін.
  • Нәтижесінде 2027 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 40%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 52%-ға дейін ұлғаятын болады.

III. Өмір сүру жағдайларын жақсарту

 

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғындар тарапынан түсетін өтініштердің ең өзектілерінің бірі- тұрғын үй кезегіндегі отбасылардың мәселесі. Жағдайды толық шешу қиын, дегенмен кезекте тұрған азаматтардың санын азайтуға барынша жұмыс жасалатын болады.

Ол үшін:

  • Барлық қаржыландыру көздерінен сапалы тұрғын үй салынуын қолға аламын.
  • Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін.

 

Сапалы, тазаауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету

Ауданның өзекті мәселелерінің бірі – елдімекендердің таза ауыз сумен қамту.

Осы ретте 2025 жылға дейін аудан халқын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді және 2 елдімекенді табиғи газбен қамтуға жұмыс жасау.

         Ол үшін:

  • 2025 жылға дейін ауылдардасумен жабдықтау нысанын салынуын қолға аламыз.
  • Халық саны аз ауылдық жерлерде суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнатуға жағдай жасаймыз.

Жол сапасын жақсарту

Жол – әр аймақтың басты артериясы. Сондықтан менің мақсатым – жолдардың сапасын жақсарту және жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін арттыру.

  • 2024 жылы аудандық маңызы барСозақ ауданындағы КХ-2«Созақ-Тасты-Қылти» автомобиль жолының құрылысын салуғаықпал етемін.
  • Жақсы және қанағаттанарлықтай жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 90%-100%ға дейін арттыруды жоспарлап отырмын.

         Электрмен жабдықтау желілері мен жылу жүйесін жөндеу бойынша да күрмеулі мәселе бар екенін білемін. Халықпен кездесулерде электр желілері мен трансформаторлардың тозығы жетуіне байланысты мәселе жиі айтылады.

         Бұл мәселелерді шешу үшін:

  • «Оңтүстік Жарық» мекемесінің инвестициялық жобасының уақытылы іске асырылуына бақылау жасауды;
  • Аудан бюджетінен және демеушілер тарту арқылы электр бағаналарын орнату, жарықтандыру жұмыстарын, жаңа көшелерге инфрақұлым жүргізуді қолға аламын.

 

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

         AMANAT партиясының «Ардагерлерді ардақтайық»және«Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жұмысты жалғастыратын боламын.

  • Жыл сайын ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғаніс шараларды өткізуді;
  • Жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектерді жұмыспен қамтуды;
  • Инклюзивті білім алуға жағдай жасау, мұқтаж балаларды 100% қамтуға ықпал етемін.

 

         Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты назарда.

         Ауданымыз барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы керек. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңартуға күш саламын.

  • Жергілікті полиция қызметкерлерін (ЖПҚ)видеорегистратормен 100% жабдықтауғаықпал жасаймыз.
  • Өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етугежұмыс жасаймын.
  • Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыружәне AMANAT партиясының «Қарызсыз қоғам» жобаларын іске асыру жөнінде кешенді жұмыстар атқарылуын қолға аламын.

 

  1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ жөніндегі шараларды күшейту

 

             Экологиялық әл-ауқат – жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуге және экологиялық таза технологияларды енгізуге қолдау көрсетуге тырысамыз.

  • Ауылдарда көгалдандыру жұмысын ұлғайта беремін.
  • Созақ ауданындағы қолданыстағы 5 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіругеықпал етемін.
  • Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу мен оны іске асыруға үлес қосамын.

 

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Ауданымыздың көркеюі мен халқының тұрмысының жақсаруына атсалысу – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Созақ жері – халқымыз үшін қара шаңырақ, қасиетті өлке. Сондықтан да ауданымызды көркейту мен жетістіктерге жеткізу әрбіріміз үшін сын. Баршаңызды   5 қараша күні болатын сайлауға келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздердің қолдауларыңызбен халықтың талап-тілегіне сай қызмет жасаймын.

Ауданымызды бірге дамытайық!

Дата публикации
04 апреля 2024