АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ұлттық қор - балаларға»: бағдарлама 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда
1 ақпан күні Қазақстан азаматтары болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (бұдан әрі – Ұлттық қор) алғашқы қаржы аударылды. Бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелді. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі бірдей сома аударылды.
Бұл тек алғашқы аударым, жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады.
Есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында одан әрі инвестициялануын жалғастырады. Ол Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкелетінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 балаға аталған сома олардың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Олар өздерінің нысаналы жинақтарын кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға бірден пайдалануға құқылы. Бағдарлама іске қосылған алғашқы 10 күн ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін нысаналы жинақ төлемін алуға берілген 41 өтінім, ал білім беру ақысын төлеу мақсатында 42 өтінім түсіп, БЖЗҚ уәкілетті операторға өтінім берген азаматтардың банктік шотына аудару үшін төлем жүргізіп үлгерді. Орындалған өтініштер бойынша статистика күн сайын жаңарып отырады.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушыларға 2023 жылғы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар сомасын есептеу
Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде 1,39 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі 2,6% (АҚШ долларымен) болды. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% – бұл 2024 жылы есептелетін нысаналы талаптар сомасы - 695,5 миллион АҚШ доллары.
БЖЗҚ-ның «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарының тізімі қалыптастырылды. Оның құрамына 6 919 131 бала кірді, ішінде 2024 жылы 18 жасқа толатын 304 815 қатысушы да бар.
Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% мөлшері (695,5 млн АҚШ доллары) Бағдарламаға қатысушылардың санына (6 919 131 бала) бөлініп, нәтижесінде олардың әрқайсысы 100,52 АҚШ долларын алды.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру.
Бағдарлама аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат олар 18 жасқа толғанға дейін есептелетін болады.
Бала 18 жасқа толған жылы оның нысаналы талаптары АҚШ долларындағы ақшалай баламасы түрінде көрсетілген және 18 жасқа толған нысаналы жинақтарды алушылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) есептелген нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болады.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі шарттар БЖЗҚ-дан нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдаланудың тиісті қағидаларында реттелген.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушылары ретінде қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балалар тіркелді. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.
БЖЗҚ жыл сайын «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) негізінде кәмелетке толмаған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Егер бала осы дерекқорға қосылса, ол автоматты түрде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы болады және оған нысаналы талаптардың есептелетініне кепілдік беріледі.
Егер бала қандай да бір себептермен нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізілмесе және олардың жалпы саны есептеу кезінде ескерілмесе, бірақ осындай қатысушы болуға құқығы болса, онда нысаналы талаптар өтініш берген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған кезең (кезеңдер) үшін есептеледі.
Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады. Сондай ақ әрбір балаға жасалған есептеулер туралы мәліметті ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен тексере алады.
Бағдарлама жұмысының бірінші күні - 2024 жылдың 1 ақпанында бұл бөлімге 2 миллион 700-ден астам адам кірді.ЖСН бойынша шамамен 5,5 млн сұраныс өңделді.
Республиканың өңірлері, ондағы балалардың жасы, жынысына қарай есептелген сомалар бойынша статистикалық есеп enpf.kz сайтында орналастырылған.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы талаптарға қатысушылардың/нысаналы жинақтарды алушылардың саны және 01.02.2024ж. жағдай бойынша Қазақстан облыстары бөлінісінде есептелген сомалар бойынша статистика мынадай:
|
Облысы |
Нысаналы талаптарға қатысушы |
Нысаналы жинақтарды алушы |
||
|
Саны |
Сомасы, АҚШ долларымен |
Саны |
Сомасы, АҚШ долларымен |
|
|
Ақмолаоблысы |
215 487 |
21 660 753,24 |
11 283 |
1 134 167,16 |
|
Ақтөбеоблысы |
331 394 |
33 311 724,88 |
13 684 |
1 375 515,68 |
|
Алматы облысы |
608 711 |
61 187 629,72 |
26 802 |
2 694 137,04 |
|
Атырау облысы |
277 236 |
27 867 762,72 |
11 117 |
1 117 480,84 |
|
ШығысҚазақстаноблысы |
225 822 |
22 699 627,44 |
9 305 |
935 338,60 |
|
Жамбыл облысы |
472 426 |
47 488 261,52 |
21 626 |
2 173 845,52 |
|
БатысҚазақстаноблысы |
220 355 |
22 150 084,60 |
9 406 |
945 491,12 |
|
Қарағандыоблысы |
343 230 |
34 501 479,60 |
16 205 |
1 628 926,60 |
|
Қызылордаоблысы |
338 320 |
34 007 926,40 |
14 182 |
1 425 574,64 |
|
Қостанайоблысы |
211 083 |
21 218 063,16 |
10 716 |
1 077 172,32 |
|
Маңғыстауоблысы |
330 390 |
33 210 802,80 |
12 755 |
1 282 132,60 |
|
Павлодар облысы |
213 934 |
21 504 645,68 |
10 501 |
1 055 560,52 |
|
СолтүстікҚазақстаноблысы |
132 977 |
13 366 848,04 |
7 418 |
745 657,36 |
|
Шымкент |
502 752 |
50 536 631,04 |
19 158 |
1 925 762,16 |
|
Алматы |
666 443 |
66 990 850,36 |
26 621 |
2 675 942,92 |
|
Астана |
481 349 |
48 385 201,48 |
18 346 |
1 844 139,92 |
|
Түркістаноблысы |
922 841 |
92 763 977,32 |
41 968 |
4 218 623,36 |
|
Абай облысы |
157 856 |
15 867 685,12 |
9 395 |
944 385,40 |
|
Ұлытауоблысы |
63 948 |
6 428 052,96 |
3 236 |
325 282,72 |
|
Жетісуоблысы |
202 577 |
20 363 040,04 |
11 091 |
1 114 867,32 |
|
Барлығы |
6 919 131 |
695 511 048,12 |
304 815 |
30 640 003,80 |
Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде, БЖЗҚ ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.
Егер бала қандай да бір себептермен 2024 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың тізіміне енбесе, балалардың заңды өкілдеріне мынадай құжаттар мен деректерді тексеруге кеңес береміз:
Егербалада:
ЖТ МДҚ-ға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.
Еліміздің маңызды әлеуметтік жобаларының бірі«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының мақсаты - Ұлттық қордың басты парызын орындау: болашақ ұрпақ үшін жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу.
Бағдарламаның енді ғана басталғанын, нысаналы талаптар сомасының Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғаятынын және бұл қаражаттың өскелең ұрпақтың ересек өмірге нық қадаммен аттауына көмек болатынын тағы да ерекше атап өткен абзал.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).