Құмкент ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
(қаңтарайы)
Құмкент ауылдық округінің2024-2026 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Құмкент ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 3541 адамды құрады.
Жер көлемі.Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 255109 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 27734,76 гектар, егістік көлемі 5229,98гектар, жайлымдық көлемі 20238,58 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Есепті мерзімде ауылдық округі бойынша 3100 бас мүйізді ірі қара, 1455 бас жылқы, 34 бас түйе, 30126 бас қой-ешкі, 2900 бас құс өсірілуде.
Кәсіпкерлік.Ауыл әкімшілігіндегі ауыл шаруашылығы салаларының негізін – 78 адам жұмыс істейтін «Құмкент» өндірістік кооперативі, 27 адам жұмыс істейтін «Ырыс Ынтымақ» өндірістік кооперативі, 50- адамнан құрылған «Қызылкөл» ЖШС, 4 адамнан құрылған «Созақ агроинновациясы» ЖШС, 65 – шаруа қожалықтарыжұмыс істейді.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 28 215 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 57 853теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 692теңге.
2024-2026 жылдарға арналған Құмкент ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсанағы №80 шешімімен бекітілді.
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
89474 |
89 829 |
90 209 |
|
Салықтық түсімдер |
13164 |
13673 |
14053 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
76310 |
0 |
0 |
|
Субвенция |
76156 |
76156 |
76156 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
154 |
0 |
0 |
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
|
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
89 474 |
89 829 |
90 209 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
77 647 |
77 493 |
77 493 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
11827 |
12 336 |
12716 |
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2024 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына77 647,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2024 жылға 11 827,0мың теңге қаралған.Атап айтқанда,
елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға 11 627,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 200,0 мың теңге қаралған.