Созақ ауданы Таукент кенті
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 133-бабына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- 2024 жыл 18 ақпанға Таукент кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Созақ ауданының Таукент кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Sozak uni" газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Т.Бекқұлы
Комиссия хатшысы Н.Қошқарбаев