Шу ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (Желтоқсан айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шу ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

(Желтоқсан айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шу  ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Шу  ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарға  халық саны 672 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 406 472 гектарды құрайды, оның ішінде  елді мекен жері 14441гектар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 377124 гектар, егістік көлемі 5 гектар, жайылымдық  жер көлемі 369891  гектар, шабындық жер  көлемі  0

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 1200 бас, қой мен ешкі 6092 бас, жылқы 499 бас,түйе 62 бас  құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде, 5 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны - 8.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 70000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  21907 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3450 теңге.

 

2023-2025 жылдарға арналған Шу ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №159 шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жылы

2024 жылы

2025 жылы

1. Кірістер, оның ішінде:

38 996

39 033

39 060

Салықтық түсімдер

694

731

758

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

38302

38302

38302

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

38 996

39033

39060

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

38796

38796

38796

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

200

237

264

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0

0

0

 

Шу  ауылдық округінің 2024жылдың 1 қаңтарға  орындалуы

 

Атауы

2023 жыл бекітілген

жоспар

Есепті айдың жоспары

Есепті айға орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

43 381

44 117

44 115,3

Салықтық түсімдер

694

99,0

0

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

38 302,0

44 018

44 115,3

Ағымдағы нысаналы трансферттер

4 026

0

0

Шығындар, оның ішінде:

44 117

44 117

  44 115,3

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

43 067

43 067

43 065,3

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

200

0

0

Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары

850

0

0

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2023 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 38796 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

         Бұл сала бойынша 2023 жылға 200 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 200 мың теңге  қаржы  қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2024